Қандастар Ассамблея

«Біздің Оралхан»

10.07.2013 3373
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. Соның бірі баспадан таяуда шыққан «Біздің Оралхан» атты жинағы. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық әкімідігі мен мәслихаты дайындап ұсынған бұл кітаптың шығуына «Мұзтау» қоғамдық қоры демеушілік жасаған.  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Катонқарағайдың төл перзенті Оралхан Бөкейдің облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған, бірақ жеке жинақтарына кірмеген біраз шығармасы, сонымен қатар ол туралы естеліктер мен мақалалалар топтастырылған.  Кітаптың алғы сөзін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Дидахмет Әшімханұлы жазған. Белгілі жазушылар Әбіш Кекілбаев, Зәбила Алпысқызы, Бердібек Бияров О.Бөкей жайлы естеліктерімен бөліскен.  Сонмен қатар, «Оралхан Бөкей атындағы . . .» деп аталатын бөлімде оның атына берілген мектептер мен мұражай және жыл сайынғы О.Бөкей оқулары туралы кеңінен жазылған. Кітаптың соңғы бөлімінде О.Бөкейге арналған арнау өлеңдер топтастырылған. Baq.kz

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. Соның бірі баспадан таяуда шыққан «Біздің Оралхан» атты жинағы.

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық әкімідігі мен мәслихаты дайындап ұсынған бұл кітаптың шығуына «Мұзтау» қоғамдық қоры демеушілік жасаған. 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Катонқарағайдың төл перзенті Оралхан Бөкейдің облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған, бірақ жеке жинақтарына кірмеген біраз шығармасы, сонымен қатар ол туралы естеліктер мен мақалалалар топтастырылған. 
Кітаптың алғы сөзін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Дидахмет Әшімханұлы жазған. Белгілі жазушылар Әбіш Кекілбаев, Зәбила Алпысқызы, Бердібек Бияров О.Бөкей жайлы естеліктерімен бөліскен. 
Сонмен қатар, «Оралхан Бөкей атындағы . . .» деп аталатын бөлімде оның атына берілген мектептер мен мұражай және жыл сайынғы О.Бөкей оқулары туралы кеңінен жазылған.
Кітаптың соңғы бөлімінде О.Бөкейге арналған арнау өлеңдер топтастырылған.

Baq.kz

Ұқсас материалдар