Қандастар Ассамблея

2014 жылы Меккеде метро құрылысы басталады

09.07.2013 2376
Қасиетті Мекке қаласында 2014 жылы 88 стансалы метро және жылдам автобус желісінің құрылысы басталады, деп мәлімдеді Мекке уәлиі Усама әл-Бара.  Жоба құны 62 млрд. сауд риалы (1 АҚШ доллары – 3,75 сауд риалы), құрылыстың бірінші кезеңі 2014 жылдың ортасына таман басталып, үш жыл ішінде аяқталады. Үлкен мешіт маңынан бастап, үшінші көлік жолайрығына дейін метро жер астымен жүреді, сонан соң жер бетінен биіктеу етіп арнайы рельс жолы салынады. Бірінші кезеңде Умм әл-Құра университетінен бастап «Саид Айша» мешітіне дейін 30 шақырым жолдың құрылысын аяқтау жоспарланған. 60 шақырымдық автобус желісі метромен байланыстырылып, әр шақырымда 1 аялдамадан салынады (жалпы саны – 60). Baq.kz

Қасиетті Мекке қаласында 2014 жылы 88 стансалы метро және жылдам автобус желісінің құрылысы басталады, деп мәлімдеді Мекке уәлиі Усама әл-Бара. 

Жоба құны 62 млрд. сауд риалы (1 АҚШ доллары – 3,75 сауд риалы), құрылыстың бірінші кезеңі 2014 жылдың ортасына таман басталып, үш жыл ішінде аяқталады.
Үлкен мешіт маңынан бастап, үшінші көлік жолайрығына дейін метро жер астымен жүреді, сонан соң жер бетінен биіктеу етіп арнайы рельс жолы салынады.
Бірінші кезеңде Умм әл-Құра университетінен бастап «Саид Айша» мешітіне дейін 30 шақырым жолдың құрылысын аяқтау жоспарланған.
60 шақырымдық автобус желісі метромен байланыстырылып, әр шақырымда 1 аялдамадан салынады (жалпы саны – 60).

Baq.kz

Ұқсас материалдар