Қандастар Ассамблея

Дмитрий Карпов құрлық рекордын жаңартты

08.07.2013 2001
Үндістанның Пуне қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, онсайысшы Дмитрий Карпов топ жарып, алтыннан алқа тақты.  Жарыс қорытындысы бойынша ол 8037 ұпайға ие болып, құрлық рекордын жаңартты. Екінші орын жапон Накамуре Акихикоға бұйырса, қола медаль өзбекстандық Леонид Андреевтің еншісінде.  Қазақстан қоржынында, сонымен, 4 медаль жатыр. Айта кетсек, 100 метрге кедергімен жүгіруде Анастасия Сопрунова бір күмісті еншілеп, үшсекірісте және биіктікке секіруде Ирина Эктова мен Марина Аитова бір-бір қоланы мойынға тақты.  Азия біріншілігіне Қазақстан құрамасы толықтай қатыспады, өйткені бірқатар спортшыларымыз Қазандағы бүкіләлемдік Универсиадада бақ сынап жатыр. Бүгін Пунедегі жарыстағы ақтық сайыстар өтіп, чемпиондар марапатталады. kaztrk.kz

Үндістанның Пуне қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, онсайысшы Дмитрий Карпов топ жарып, алтыннан алқа тақты. 

Жарыс қорытындысы бойынша ол 8037 ұпайға ие болып, құрлық рекордын жаңартты. Екінші орын жапон Накамуре Акихикоға бұйырса, қола медаль өзбекстандық Леонид Андреевтің еншісінде. 
Қазақстан қоржынында, сонымен, 4 медаль жатыр.
Айта кетсек, 100 метрге кедергімен жүгіруде Анастасия Сопрунова бір күмісті еншілеп, үшсекірісте және биіктікке секіруде Ирина Эктова мен Марина Аитова бір-бір қоланы мойынға тақты. 
Азия біріншілігіне Қазақстан құрамасы толықтай қатыспады, өйткені бірқатар спортшыларымыз Қазандағы бүкіләлемдік Универсиадада бақ сынап жатыр.
Бүгін Пунедегі жарыстағы ақтық сайыстар өтіп, чемпиондар марапатталады.

kaztrk.kz