Қандастар Ассамблея

«Сәлем, Астана!» гала-концертіне көрермен көп жиналды

07.07.2013 2702
Гала-концерт «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өтті. Ауқымды эстрадалық марафонда қазақстандық эстрада жұлдыздары - Алмас Кішкенбаев, Мәдина Сәдуақасова, «Ринго», «Музарт» топтары, Жолбарыс Сейфулин, «Бәйтерек» тобы, Алтынай Жорабаева,  Бейбіт Қорған, басқа да әншілер өнер көрсетті. Ашық аспан астында өткен концертке тек қаладан ғана емес, Астана күні мерекесіне аймақтардан арнайы келгендер де болды. Мәселен, Айгүл Шортаева Астанаға Шымкент қаласынан келіпті. «Эстрада жұлдыздарын көзіммен көруді көптен армандап жүргенмін, міне, сол арманым орындалды», - дейді ол. Концерт бірнеше сағатқа созылды. Әншілер ескі хиттар мен Астананың 15 жылдығына арналған жаңа әндерді орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.  «Арнау» тобы мерейтой құрметіне «Астана - ән махаббатым!» жаңа әнін ұсынды. Ашық аспан астындағы естен кетпес концерттен көрермендер мерекелік рухта, қуанышты сезімге бөленді. Концерт  түн ортасында  ауқымды отшашумен аяқталды.  http://astana.kz  

Гала-концерт «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өтті. Ауқымды эстрадалық марафонда қазақстандық эстрада жұлдыздары - Алмас Кішкенбаев, Мәдина Сәдуақасова, «Ринго», «Музарт» топтары, Жолбарыс Сейфулин, «Бәйтерек» тобы, Алтынай Жорабаева,  Бейбіт Қорған, басқа да әншілер өнер көрсетті.

Ашық аспан астында өткен концертке тек қаладан ғана емес, Астана күні мерекесіне аймақтардан арнайы келгендер де болды. Мәселен, Айгүл Шортаева Астанаға Шымкент қаласынан келіпті. «Эстрада жұлдыздарын көзіммен көруді көптен армандап жүргенмін, міне, сол арманым орындалды», - дейді ол.

Концерт бірнеше сағатқа созылды. Әншілер ескі хиттар мен Астананың 15 жылдығына арналған жаңа әндерді орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.  «Арнау» тобы мерейтой құрметіне «Астана - ән махаббатым!» жаңа әнін ұсынды. Ашық аспан астындағы естен кетпес концерттен көрермендер мерекелік рухта, қуанышты сезімге бөленді. Концерт  түн ортасында  ауқымды отшашумен аяқталды. 

http://astana.kz

 

Ұқсас материалдар