Қандастар Ассамблея

Австралиялық шенеунік Құранға қолын қойып, үкімет алдында ант берді

02.07.2013 1875
Австралияда алғаш рет елдің премьер-министрінің парламенттік хатшысы болып мұсылман тағайындалды. Федералды үкіметте ресми ант беру рәсімі кезінде Эд Хьюзик Қасиетті Құранға қолын қойып тұрды. Сондай-ақ, 43 жастағы саясаткер осыдан 3 жыл бұрын Батыс Сиднейдің атынан федералды парламентке Австралия мұсылмандарының арасынан бірінші рет мүше болып сайланған еді. Эд Хьюзик – 1966 жылы ата-анасымен Босниядан қоныс аударған мигрант. Ол журналистерге: «Мен Ислам дінін ұстанатын қатардағы адам ретінде қарапайым шешім қабылдадым. Мен Библияға қолымды қойып ант қабылдай алмаймын. Бұл менің табиғатым» деп мәлімдеді. Дегенмен, автстралиялық мұсылманның діни сенімінен туындаған әрекетін көптеген жерлестері дұрыс қабылдамаған секілді. Хьюзиктің фейсбуктегі парақшасына «австралиялық емес», «мынау сұмдық екен» деген теріс түсінбеушілікке толы жазбалар қалдырыпты. Ал Алланың сөзіне қолын қойған азамат мұны «Демократияның бір көрінісі ғой. Мұндай ауыр сөздерді жақын қабылдап, секіре беруге болмайды» деп көркем жауап қатқан. Басқа ғаламтор қолданушылары да Хьюзикке қолдау білдіріп, «қайтесіз, надандар мен нәсілшіл топтарға мән бермеңіз» деп жігерлендірген. Оппозиция басшысы Тони Аббот болса, Хьюзиктің Құранға қолын қойып ант бергенін «дұрыс таңдау» деп мәлімдеген. Ол: «Мен оның таңдауына құрметпен қараймын әрі Австралия халқынан да осыны сұраймын» деген. Эд Хьюзиктен басқа биылғы жылдың сәуірінде тегі пәкістандық Мехрен Фаруки де Австралия тарихында парламентке сайланған алғашқы мұсылман әйел атанған болатын. Бақ.кз

Австралияда алғаш рет елдің премьер-министрінің парламенттік хатшысы болып мұсылман тағайындалды. Федералды үкіметте ресми ант беру рәсімі кезінде Эд Хьюзик Қасиетті Құранға қолын қойып тұрды. Сондай-ақ, 43 жастағы саясаткер осыдан 3 жыл бұрын Батыс Сиднейдің атынан федералды парламентке Австралия мұсылмандарының арасынан бірінші рет мүше болып сайланған еді.

Эд Хьюзик – 1966 жылы ата-анасымен Босниядан қоныс аударған мигрант. Ол журналистерге: «Мен Ислам дінін ұстанатын қатардағы адам ретінде қарапайым шешім қабылдадым. Мен Библияға қолымды қойып ант қабылдай алмаймын. Бұл менің табиғатым» деп мәлімдеді.
Дегенмен, автстралиялық мұсылманның діни сенімінен туындаған әрекетін көптеген жерлестері дұрыс қабылдамаған секілді. Хьюзиктің фейсбуктегі парақшасына «австралиялық емес», «мынау сұмдық екен» деген теріс түсінбеушілікке толы жазбалар қалдырыпты.
Ал Алланың сөзіне қолын қойған азамат мұны «Демократияның бір көрінісі ғой. Мұндай ауыр сөздерді жақын қабылдап, секіре беруге болмайды» деп көркем жауап қатқан. Басқа ғаламтор қолданушылары да Хьюзикке қолдау білдіріп, «қайтесіз, надандар мен нәсілшіл топтарға мән бермеңіз» деп жігерлендірген.
Оппозиция басшысы Тони Аббот болса, Хьюзиктің Құранға қолын қойып ант бергенін «дұрыс таңдау» деп мәлімдеген. Ол: «Мен оның таңдауына құрметпен қараймын әрі Австралия халқынан да осыны сұраймын» деген.
Эд Хьюзиктен басқа биылғы жылдың сәуірінде тегі пәкістандық Мехрен Фаруки де Австралия тарихында парламентке сайланған алғашқы мұсылман әйел атанған болатын.

Бақ.кз

Ұқсас материалдар