Қандастар Ассамблея

Астанада мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

02.07.2013 2767
Елорданың 15 жылдығына орай Конгресс-Холл сарайында «Жарқыра, Жайна, Астана!» жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталып, оларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады astana.kz сайты. С.Сейфуллин мұржайы мен Қазақстан Жазушылар одағының елордалық филиалы ұйымдастырған мүшәйраға 12 ақын қатысты. Ал, жалпы байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 70-ке тарта шығарма келіп түсті. «Үш жылдан бері ақындар еліміздің басты мерекелеріне жыр арнап, кітаптар шығарып келеді. Алғашқы бәйге Тәуелсіздік күніне орай өткізілсе, ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Астана күніне осындай ауқымды мүшәйра ұйымдастырылып отыр», - деді С.Сейфуллин мұражайы директорының орынбасары Серікхан Сабырбеков. Қазылар алқасының шешімі бойынша, бас жүлде - жеңіл көлік «Астана - дастан» жыр жинағы мен «Мұқағали» театрландырылған қойылымы үшін танымал ақын, драматург Серік Тұрғынбековке берілді.  Екінші орын өз шығармасында бас қалаға деген ыстық сезімін жырмен өрнектей білген Сәуле Досжановаға бұйырды. Байқауға ол «Астана суреттері» өлеңдер циклін ұсынған.  Осы аттары аталған ақындармен бірге  Конгресс-холлда мүшәйраның басқа жүлдегерлері де өлеңдерін оқып, жыр сүйер қауымның жүрегіне жол тауып жатты. Атап айтқанда, жүлдегерлер қатарында «Астанамен сырласу» өлең кітабы үшін бірінші орын алған Бауыржан Жақып, «Мерей тойың құтты болсын, Астана!» жыр жинағы үшін екінші орынға ие болған Кәкімбек Салықов, үшінші орын иегерлері Махсет Әлсейітов, Жанат Әскербекқызы, Ерлан Жүніс болды. Ал көтермелеу сыйлықтарын Абылай Толыбаев, Мағиза Құнапияқызы, Ауыт Мұқибек, Роза Сейілхан және Қайрат Сабырбай алды. Үздік әдеби шығармалар Орталықтандырылған кітапхана жүйесі арнайы шығаратын «Астана бағы биік асқарымсың» жинағына енеді. ҚазАқпарат.

Елорданың 15 жылдығына орай Конгресс-Холл сарайында «Жарқыра, Жайна, Астана!» жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталып, оларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады astana.kz сайты.

С.Сейфуллин мұржайы мен Қазақстан Жазушылар одағының елордалық филиалы ұйымдастырған мүшәйраға 12 ақын қатысты. Ал, жалпы байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 70-ке тарта шығарма келіп түсті.

«Үш жылдан бері ақындар еліміздің басты мерекелеріне жыр арнап, кітаптар шығарып келеді. Алғашқы бәйге Тәуелсіздік күніне орай өткізілсе, ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Астана күніне осындай ауқымды мүшәйра ұйымдастырылып отыр», - деді С.Сейфуллин мұражайы директорының орынбасары Серікхан Сабырбеков.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, бас жүлде - жеңіл көлік «Астана - дастан» жыр жинағы мен «Мұқағали» театрландырылған қойылымы үшін танымал ақын, драматург Серік Тұрғынбековке берілді. 

Екінші орын өз шығармасында бас қалаға деген ыстық сезімін жырмен өрнектей білген Сәуле Досжановаға бұйырды. Байқауға ол «Астана суреттері» өлеңдер циклін ұсынған. 

Осы аттары аталған ақындармен бірге  Конгресс-холлда мүшәйраның басқа жүлдегерлері де өлеңдерін оқып, жыр сүйер қауымның жүрегіне жол тауып жатты. Атап айтқанда, жүлдегерлер қатарында «Астанамен сырласу» өлең кітабы үшін бірінші орын алған Бауыржан Жақып, «Мерей тойың құтты болсын, Астана!» жыр жинағы үшін екінші орынға ие болған Кәкімбек Салықов, үшінші орын иегерлері Махсет Әлсейітов, Жанат Әскербекқызы, Ерлан Жүніс болды. Ал көтермелеу сыйлықтарын Абылай Толыбаев, Мағиза Құнапияқызы, Ауыт Мұқибек, Роза Сейілхан және Қайрат Сабырбай алды.

Үздік әдеби шығармалар Орталықтандырылған кітапхана жүйесі арнайы шығаратын «Астана бағы биік асқарымсың» жинағына енеді.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар