Қандастар Ассамблея

Елбасы Ұлыбритания компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға

01.07.2013 2223
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға шақырды. Бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай деді. Қазақстан мен Ұлыбританияның сауда-экономикалық қарым-қатынастарды әртараптандыруды тереңдетуде зор әлеуетке ие екендігін баса айтқан Елбасы: «Біз жаңаратын энергетика, жасыл экономика салаларын дамытудағы ынтымақтастықты белсендіре түсуге уағадаластық. Бұған Қазақстанда болашақ энергиясы тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі жақсы негіз болады. Британ компанияларын оны ұйымдастыруға қатысуға шақырамын»,-деді. ҚазАқпарат.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға шақырды.

Бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай деді.

Қазақстан мен Ұлыбританияның сауда-экономикалық қарым-қатынастарды әртараптандыруды тереңдетуде зор әлеуетке ие екендігін баса айтқан Елбасы: «Біз жаңаратын энергетика, жасыл экономика салаларын дамытудағы ынтымақтастықты белсендіре түсуге уағадаластық. Бұған Қазақстанда болашақ энергиясы тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі жақсы негіз болады. Британ компанияларын оны ұйымдастыруға қатысуға шақырамын»,-деді.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар