Құдайбердіұлы Шәкәрім

27.06.2013 9648
Көрнекті Алаш қайраткері, ақын, діндар. Абайдың немере інісі. 1858 жылы шежірелі Шыңғыстау бөктерінде туған. 5 жасынан хат таныған, 7 жасынан әкеден жетім қалып, атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың қамқорлығында өскен. Қаламгер ретінде қалыптаса келе Шәкәрім араб, парсы, түрік, орыс тілдері арқылы әлемдік руханияттың тұнығынан су ішуге ұмтылады. Өзін Л.Толстой шәкіртімін деп есептейді. Бүкіл шығармашылығы – ізденген, тазарған, өз иманы мен халық иманына қамқор да жауапкер жан сезімінің айнасы дерлік. Қаламгердің ағартушылық бағыттағы пәлсапалық, сыршыл, шыншыл өлеңдері («Қазақ айнасы», «Жолсыз жаза яки кез болған іс» жинақтары мен қолжазбаларынан), халық өмірінің қилы тарихынан сыр шерткен «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ-Айсұлу» жырлары, Шығыс тағылымын байыптаған «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны, орыс тілінен тәржімелеген көркем аудармасын (А.Пушкин, Л.Толстой, Г.Б.Стоу еңбектері), мұсылмандықтың әліппесі сынды «Мұсылмандық шарты» еңбегі, ұлт тарихының бір шетін түгендеген «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», заманындағы түрлі ой ағымын бағамдаған «Үш анық» еңбегі – ХХ ғасыр басындағы бірнеше буынның рухани сауатын ашты. Ол 1899 жылы қажылық сапарда болып қайтады. Стамбұл, Мысыр, Араб елдерін аралап, ойына – ой, білігіне білік қосып келеді. Ұлттың саяси серкесі Ә.Бөкейхан оны 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға депутаттыққа кандидат етіп ұсынған. Бірақ ақын өз орнын Т.Нұрекенұлына берген. Сондай-ақ 1905-1906 жылдары Семейде Ә.Бөкейхан ұйымдастырған саяси жиындардың барлығына дерлік қатысқан. Ақын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне белсене араласып, мақала, өлең жазып тұрған. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, т.б. еңбектерінде оның шығармашылығы лайықты бағаланған. 1917 жылы Алаш партиясын құру және Алаш автономиясын жариялау шарасына даярлық ретінде Семей облысында өткен қазақ съезіне қатысып, сөз сөйлейді. Алаш Орда үкіметі жарияланатын 5-13 желтоқсандағы ІІ жалпықазақ съезіне ол айрықша шақырылады. Қараша-желтоқсан айларында земство сайлауы болғанда, Ш.Құдайбердіұлы Семей уездік земствосына Шыңғыс болысынан сайланады. М.Боштайұлы басқарған облыстық қазақ сотының мүшесі болады. 1919-1931 жылдары ақын «Таң», «Қазақ тілі» басыл-ымдарымен қатысып тұрады. 1924 жылы Германия профессоры М.Кучинскиймен дидарласады. 1930 жылы үлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қорлықпен қаза болғанда, ақын Шақпақтыдағы қыстауында қайғымен жатып қалады. ОГПУ мұнда да тыныштық бермейді. 1931 жылы 2 қазанда ОГПУ қолынан мерт болады. Құрқұдыққа тасталған сүйегі 1961 жылы мұсылман ғұрпымен қайта жерленген.