Ғаббасұлы Халел

27.06.2013 6088
Ғаббасұлы Халел – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. 1888 жылы Семей топырағында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1917 жылы қарашадан Алаш партиясы Семей облыстық комитетінің төрағасы. Әр жылдары Семейде ұсақ қарыз нұсқаушысы, губерниялық революциялық комитетте төраға, Жер бөлімі меңгерушісі болған. Осындағы педагогика техникумында алгебра пәнінен сабақ берген. Алаштың 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақ съезіне қатынасып, онда Бүкілресейлік құрылтайға депутат болып ұсынылған. Осы жылы 8-15 қазанда Том қаласында Сібір автономиясын талқылаған жалпысібір съезі өткенде, қайраткер Сібір кеңесі құрамына енеді. Бұл да – елеулі бір тактикалық жол болатын. Сол жылы желтоқсанның 5-13 күндері Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндама жасап, Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесінің құрамына Семейдің атынан мүше болып сайланады. 1918 жылы 2 сәуірде Ә.Бөкейхан және Ә.Ермекұлымен бірге Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен, Ұлт істері халық комиссары И.В.Сталинмен Алаш автономиясын тану жөнінде келіссөз жүргізеді. 1917-1918 жылдары «Сарыарқа» газетін аяғынан тұрғызып, басылымның бұқаралық сипат алуына атсалысады. «Мемлекет күйі», «Алаш автономиясы» атты талдау мақаларында сол шақтағы күрделі саясаттың барысын, ұлттық мүдде мен елдің болашағын жүйелі сараптайды. Ол былай дейді: «Большевиктер көсемі Лениннің әмірі – жер-су, өлі құрал (мәшинелер) мен тірі құрал (өгіз, аттар) жер комитеттері арқылы еңбек еткен жұрттарға бөлініп берсін деген. Бұл үстіміздегі заманда өмір жүзіне орын таба алмайтын әдемі ғана құр сөз. Жұрт бірімен бірі пышақтасар, бірақ бәрін ортаға салып жөншілікпен бөлісіп алыспас. ...Жер-суды әділдікпен жұртқа бөліп беруді біз де көздейміз һәм осы пікірге қызмет қылмақшымыз. Бірақ бір күнде найзаның ұшымен бар қазынаны ортаға салуға баспаймыз. ...Жұрт билігі мен бостандығы ерте қонған, мәдениеті күшті Америка мен Швейцарияда мүліктің бәрін ортаға сау жоқ». Қайраткер ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздерін дәйек етіп отырады. 1924 жылы дана ақынның қайтқанына 20 жыл толуына орай Семейде өткізілген мәдени-әдеби шарада қайраткер баяндама жасаған. Мағжан ақынның осы қайраткер туралы: «Халел, Халел! Деп те елдің бойы өсер» деген бағасында көп мән бар. Осындай қиындықтан жол тапқан, оспадар саясаттан тайсалмаған азамат 1928 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылған. 1931 жылы қайтыс болған.