Қандастар Ассамблея

Жұмабай Мағжан Бекенұлы

27.06.2013 3081
Жұмабай Мағжан Бекенұлы – Алаш қозғалысына атсалысқан қайраткер-ақын. Ол 1893 жылы 25 маусымда Ақмола губернесі, Ақмола уезіндегі Полуденов болысының (қазір Солтүстік Қазақстан обл., Булаев ауд.) Сасықкөл жерінде туған. Ауыл молдасынан сауатын ашқан соң, Қызылжардағы Бегішовтің медресесінде 5 жыл оқиды. Мұнан кейін 3 жыл (1910-1913) Уфа қаласындағы "Медресе Ғалияда" білімін көтереді. Мұнан соң Омбыға барып, Оқытушылар семинариясына түседі. Бұл кезде оның аса танымал болуына себепші – 1912 жылы Қазанда басылған "Шолпан" атты өлеңдер жинағы болатын. Ол семинарияны 1917 жылға дейін бітірді. Одан кейін ақын Алаш қозғалысына белсене араласады. Ел мүддесін жоғары қойған жиын, басқосуларға қатысады. 1917 жылы II жалпықазақ съезінде оқу комиссиясының мүшесі болып сайланады. 1918 жылы Ақмола облыстық (Омбы) халық ағарту басқармасында қызмет істейді. Осында жүріп Ақмола облыстық Алаш Орда комитетін құруға атсалысады. 1919-20 жылдары Омбы, Қызылжарда "Бостандық туы", "Кедей сөзі" газеттерінде, мұғалімдер курсында қызмет жасайды. 1922 жылы Қазанда Б.Күлеевтің құрастыруымен өлең жинағы жарық көреді. Мұнда ақынның отаншылдығы, ұлтшылдығы, түрікшілдігі бұрынғыдан да айқын көрінеді. Ақын 1922 жылы Алаш зиялылары көп топтасқан Ташкентке келіп, 1923 жылға дейін Түркістан республикасындағы "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде және "Талап" мәдеи-ағарту ұйымында қызмет атқарады. Біраз кесек туындысы осында дүниеге келді. Ақын Түркістанның есебінен 1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиет институтында оқыды. 1923 жылы жаңа өлең жинағы қайраткер С.Қожанұлының алғысөзімен Ташкентте басылды. Кітапқа енген шығармаларында ақын тарихты айта отырып елдің рухын көтеріп, намысын оятуды мақсат етіп қойды. Мәскеуде "Күншығыс" баспасымен және "Темірқазық" журналымен байланыс жасап тұрды. 1924 жылдың соңында елшіл жазушылардың "Алқа" ұйымының бағдарламасын әзірлеуге атсалысты. Сондай-ақ "Педагогика" (1922), "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні" (1925) сияқты еңбектер жазды. Ақынның отаншылдығы, өжеттігі большевиктік жүйеге ұнаған жоқ. Сондықтан оны 20-жылдардың басында-ақ "ұлтшыл", "түркшіл" деп айыптады. Ақыры 1929 жылы тұтқынға алып, 1936 жылға дейін абақтыға жапты. Елге келген соң қайта ұсталып, 1938 жылы 19 наурызда нахақтан атылды. Әдебиеттер: 1. Жұмабаев М. Шығармалары Алматы, 1989 2. Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы, 1990 3. Жұмабаев М. Шығармалары: 3 томдық. Алматы, 1995-1996