Досмұхамедұлы Халел

27.06.2013 4276
Досмұхамедұлы Халел - Алаштың көрнекті қайраткері, білімдар ғалым. Ол 1883 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмында дүниеге келді. 1894 жылы Орал әскери реальді училищесінің даярлық класына түсіп, 1902 жылы оны үздік аяқтайды. 1903 жылы табандылығы мен білімдігінің арқасында Петербор Императорлық Әскери-медициналық Академиясының студенті атанады. Петерборда жүріп маман ретінде де, қайраткер ретінде де шыңдалады. 1909 жылы Академияны тәмамдағанда, ол Петербордағы Әлихан, Мұстафа, Міржақып сынды қайраткерлермен және басқа да қазақ һәм мұсылман депутаттарымен қоян-қолтық араласады. 1905 жылы (кадет) партиясына кіреді. Оралдың "Фикр" газеті төңірегіндегі татар зиялыларымен кеңесіп тұрады. Саяси көзқарасы үшін 1906 жылы патша жандармериясының қаһарына ілінеді. 1909 жылы оқуын аяқтаған соң алғаш Пермьде, сонан соң 2-Түркістан, 2-Орал казак атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер міндетін атқарады. 1913 жылы әскери міндеткерліктен босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасады. Осы уақыттан бастап бұрынғы саяси күресін одан әрі жандандырады. Қазақ зиялыларымен тығыз байланыс орнатып, отандық партия құру қамымен болады. Әлихан секілді, ол да халқына пайдасы жоқ кадеттен аулақтайды. 1913-1915 жылдары келешек Алаш партиясының идеялық негізі қаланады. Қайраткер 1913 жылдан жарық көре бастаған "Қазақ" газетіне белсене араласады. 1917 жылы "Ұран" газетін шығаруға да белсене араласады. 1917 жылы шілдеде Орынборда өткен І жалпықазақ съезіне төрағалық етті. Аса күрделі 1917 жылы Оралда Алаш Орданың Батыс Қазақстан бөлімшесін құруға тер төкті. 1918 жылы ұлт автономиясы жөнінде В.И.Ленинмен және ұлт мәселесі бойынша халық комиссары И.В.Сталинмен жүзбе-жүз келіссөз жүргізді. Алаш Орданың жұмыс жасау мүмкіндігі тарылған 1919-1920 жылдары Халел көбіне ізденіс үстінде болды. 1920 жылы Ташкентке келіп, Түркістан халық ағарту комиссариаты жаындағы Білім, Ғылым комиссиясында, халық ағарту институтында, "Талап" мәдениетті дамыту қоғамында жұмыс істеді. "Шолпан", "Сәуле", "Сана" журналы мен "Ақжол" газетіне жиі қатынасып тұрады. Тірнектеп жинаған материалдары негізінде "Мұрат ақын сөздерін" (1924), "Аламан" (1926), "Исатай – Махамбет" (1925) жинақтарын бастыртады, жаратылыстанудан бірнеше кітап жазады. Осындай ірі ғалым 1937 жылы тоталитаризмнің қармағына ілініп, 1939 жылы ресми құжаттарға қарағанда, абақтыда "науқастан" дүние салған. Әдебиеттер: 1. Досмұхамедұлы Х. Аламан. Алматы, 1992 2. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. Алматы, 1998                       