Қандастар Ассамблея

Әлімбекұлы Имам

27.06.2013 3570
Әлімбекұлы Иман – Алаш қозғалысының қайраткері, «Сарыарқа» газетінің редакторы. 1885 жылы Қарқаралы уезі жерінде туған. Ауыл молдасынан мұсылманша хат танығаннан соң, Қарқаралыдағы орыс-қырғыз школында оқыған. Мұнан кейін Семейге барып Мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Осында Әбікей Сәтбайұлымен бірге оқыған. Семинариядан соң аталған оқу орнында оқытушылыққа қалдырылған. 1917-1919 жылдары жас оқытушы Алаш қозғалысына белсене араласады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Ғаббасұлы сынды көшбасшы тұлғалармен етене араласып, ағымдағы жағдайға сәйкес тапсырмалар алып, оны мұқият орындайды. 1917 жылы 2-8 сәуірде Орынборда өткен жалпықазақ съезін шақыру жөніндегі Торғай қазақтары съезіне қатысып, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы тәрізді қайраткерлермен бірге бюро құрамына сайланады. Осы жылы 12-13 қазанда Семей облыстық Алаш комитетін құратын жиынға қатысып, комитет мүшесі болып бекітіледі (төрағасы – Х.Ғаббасұлы). Алаш партиясы басшылығының ұйғарымымен «Қазақ» газетіндегі қызметінен жаңадан ашылған «Сарыарқа» газетіне редактор болып ауысады. 1918 жылы тамызда Самарада өзін-өзі билеу мәселесін қарастырған Сібірдің төтенше съезіне қатысады. Осы аралықта Алаштың атты әскер полкін жасақтау мен жарақтау ісіне атсалысады. Бұл шақта қайраткердің қаламгерлігі де таныла бастайды. Смағұл Садуақасұлы 1919 жылы орыс тілінде жарияланған «Киргизская литература» атты очеркінде оны болашағынан үміт күттіретін қалам иесінің қатарында атайды. Кеңес билігі толық орнаған соң, қайраткер амалсыз жаңа қызметке кіреді. Қарқаралы уездік оқу бөлімінің меңгерушісі, әдіскер-нұсқаушы, педагогикалық техникум оқытушысы, мектеп мұғалімі жұмыстарын атқарады. 1926 жылы кеңестердің Қарқаралы уездік съезінде атқару комитеті төралқасына мүшелікке өтеді. 1920-1928 жылдар аралығында Қарқаралыға қарасты Бесоба, Милыбұлақ, Қу т.б. ауылдарда мектеп, қызыл отау ашуға атсалысады. 1930 жылы М.Жұмабайұлының шақыруымен Петропавлға қоныс аударып, осындағы ауылшаруашылығы техникумында ұстаздық етеді. 1933 жылы «кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткен» деген айыппен 10 жылға сотталды. Бірақ жазықсыз күйгені туралы Мәскеудегі Қызыл крест қоғамына (басшысы М.Горькийдің әйелі) өтініш түскен соң, 2 жылдан кейін мерзімінен бұрын босанады. Абақты азабынан құтылып, Қарқаралыға келіп, Бесоба мектебінде мұғалім болады. Осында жүрген жерінен 1937 жылы 17 наурызда «үштіктің» шешімімен қайта ұсталып, сол жылы 17 қыркүйекте нақақ атылады.