Қандастар Ассамблея

Әділ АХМЕТОВ: Біздің тарих ғылымымыз әлі де ескі құрсаудан шыға алмай жүр

27.06.2013 2452
Біздің тарих ғылымымыз әлі де ескі құрсаудан шыға алмай жүр деп айтуға толық негіз бар. Бұл туралы «BNews.kz» ақпараттық агенттігінің студиясында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов хабарлады.  «Біздің тарих ғылымымыз әлі де ескі құрсаудан шыға алмай жүр деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, ескі кезде өзіміздің тарихымызды, өзіміздің ұлтымыз туралы әңгіме айтылатын болса, оның барлығы басылып келген болатын. Соның табы өтіп кеткен, сол менталитеттен шыға алмай жүргеніміз анық. Елбасы бұл мәселені дөп басып айтып отыр, сондықтан ұлттық тарихи сананы қалыптастыратын кез келді», - деді Ә.Ахметов.  Сенатордың пікірінше, ұлттық тарихи сананы қалыптастыру үшін бірінші кезекте тарих ғылымының ғалымдарын топтастыру қажет. «Себебі, ескі көзқарастағы тарихшылар бар. Қазір жаңа дәуір басталды, Қазақстанның жаңа егемендік дәуірі басталды. Тіпті, осы егемендік дәуірдің өзін біз жақсылап жазып үлгерген жоқпыз, соны халыққа жете дәріптеп, жеткізіп жатқан жоқпыз. Сондықтан, Президенттің де, Мемлекеттік хатшының да қойып отырған міндеттері бір-бірінен туындап отыр», - деп толықтырды ол.

Біздің тарих ғылымымыз әлі де ескі құрсаудан шыға алмай жүр деп айтуға толық негіз бар. Бұл туралы «BNews.kz» ақпараттық агенттігінің студиясында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов хабарлады. 

«Біздің тарих ғылымымыз әлі де ескі құрсаудан шыға алмай жүр деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, ескі кезде өзіміздің тарихымызды, өзіміздің ұлтымыз туралы әңгіме айтылатын болса, оның барлығы басылып келген болатын. Соның табы өтіп кеткен, сол менталитеттен шыға алмай жүргеніміз анық. Елбасы бұл мәселені дөп басып айтып отыр, сондықтан ұлттық тарихи сананы қалыптастыратын кез келді», - деді Ә.Ахметов. 

Сенатордың пікірінше, ұлттық тарихи сананы қалыптастыру үшін бірінші кезекте тарих ғылымының ғалымдарын топтастыру қажет.

«Себебі, ескі көзқарастағы тарихшылар бар. Қазір жаңа дәуір басталды, Қазақстанның жаңа егемендік дәуірі басталды. Тіпті, осы егемендік дәуірдің өзін біз жақсылап жазып үлгерген жоқпыз, соны халыққа жете дәріптеп, жеткізіп жатқан жоқпыз. Сондықтан, Президенттің де, Мемлекеттік хатшының да қойып отырған міндеттері бір-бірінен туындап отыр», - деп толықтырды ол.

Ұқсас материалдар