Қандастар Ассамблея

"Қосқұлақ", "Бұғынай", "Қарт-құрт"

26.06.2013 3302
«Қосқұлақ» — жас өспірімдердің алаңда, аулада кешқұрым ойнайтын ойыны. Бұған 10—20 адам қатынасады. Ойынға қатынасатындар жиылып келіп орталарынан біреуін «қасқыр», екіншісін «түнгі күзетші» сайлап алады. Қалғандары «қойлар» болады. Қойлар тарап не «қасқырдың», не күзетшінің көзіне түспейтін жерге жасырынады. Басқалардан айыру үшін «қасқырдың» басына ақ орамал байланады. Тығылған «қойларды» іздей жүріп «қасқыр», «күзетшінің» көзіне түспеуге тырысады. «Күзетшінің» міндеті —«қасқырды» аңду, қуу, оның қойларға шабуына мүмкіндік бермеу. Тығылғандар орнынан қозғалмауға, дыбыс шығармауға тырысады. Егер «қасқыр» «қойлардың» біреуін ұстап алса, «күзетші» оны абайлай алмай қалса, ұсталған ойыншы «қасңырдың» орнына шығып «қасқыр» «күзетші» болады. «Күзетші» «қойдың» ролін атқарушы болып, тығылуға кетеді. Егер «күзетші» «қасқырдың» «қойға» шапқанын байқап қалса, онда «қасқырды» қуып, «қойды» арашалап қалады. Ойын жалғаса береді. Ойын уақыты шектелмейді. Ойын соңында қатынасушылар жиналып «қасқырдың», «күзетшінің» «қойдың» өздеріне ұнаған жағын атап көрсетеді. Ойын таза ауада дем алуға, қараңғыда жерді, бағытты айыра білуге, сезімталдыққа баулиды.  Бұғынай — ұлттық ойын. Бұл ойын жазда, көгалды тегіс алаңда ойналады. Ойынға қатынасушылардың саны 10—25, одан да артық бола береді. Бұл ойынды көбінесе балалар ойнайды. Ойынға қатынасушылар малдастарын құрып, дөңгелене отырысады. Орталарынан бірі ойын жүргізуші қызметін атқарады. Ол отырған ойыншыларды сынай бастайды. «Бірінші бұғынай, екінші бұғынай, үшінші бұғынай...» т. б. ең ақырғы ойыншыға дейін осы тәртіппен санап шығады да, кенеттен бір санды атайды. (Мысалы: «Алтыншы бұғынай»). Сол санның иесі орнынан жылдам тұрады да, бір санды айтып, тез өз орнына малдас құрып отыра қалады. Ол санның иесі де жылдам тұрып, кез келген бір санды айтып, өз орнына қайта отырады. Әрбір айтылған санның иесі осыны қайталаумен болады. Егерде айтылған санның иесі түра алмай қалса немесе оның орнына басңа біреу тұрса, онда ойынға белгіленген тәртіп бойынша жаза қолданылады. Ол жазасын орындап болған соң, бір санды айтып орнына отырады. Ойын жалғаса береді. Әркім өзіне берілген санды ұмытпауы керек. Ойын тез қимылдап, жедел шешім қабылдауға, ойда сақтау қабілетін дамытуға дағдыландырады. «Қарт-құрт» ойыны – ертеден келе жатқан ұлт ойындарының бірі. Жас өспірімдер жиналып, өзара келісе отырып, тең екі топқа бөлінеді. Жүргізушінің айтуымен екі топтан екі ойыншы қарама-қарсы екі жаққа белгіленген бұтаның түбіне жіберіледі. Олар басқа ойыншыларға көрсетпей, бір таса жерге сызып белгілер салады. Олар қайтып оралғаннан кейін, екі топтың ойыншылары қарсыластарының салған белгілерін тауып, өшіріп тастайды. Сонан соң екі топтың ойыншылары ортаға қайта жиналып бірігеді де, барлығы бірге жүріп, белгілерді көріп, өшірілмей қалғандарын санап шығады. Қай топтың салған белгілері көбірек өшірілмей қалса, сол топ жеңіп шығады. Ұтқан жағы ұтылғандарға ұпай салады. Ойын жалғаса береді.

«Қосқұлақ» — жас өспірімдердің алаңда, аулада кешқұрым ойнайтын ойыны. Бұған 10—20 адам қатынасады. Ойынға қатынасатындар жиылып келіп орталарынан біреуін «қасқыр», екіншісін «түнгі күзетші» сайлап алады. Қалғандары «қойлар» болады. Қойлар тарап не «қасқырдың», не күзетшінің көзіне түспейтін жерге жасырынады.

Басқалардан айыру үшін «қасқырдың» басына ақ орамал байланады. Тығылған «қойларды» іздей жүріп «қасқыр», «күзетшінің» көзіне түспеуге тырысады. «Күзетшінің» міндеті —«қасқырды» аңду, қуу, оның қойларға шабуына мүмкіндік бермеу. Тығылғандар орнынан қозғалмауға, дыбыс шығармауға тырысады. Егер «қасқыр» «қойлардың» біреуін ұстап алса, «күзетші» оны абайлай алмай қалса, ұсталған ойыншы «қасңырдың» орнына шығып «қасқыр» «күзетші» болады. «Күзетші» «қойдың» ролін атқарушы болып, тығылуға кетеді. Егер «күзетші» «қасқырдың» «қойға» шапқанын байқап қалса, онда «қасқырды» қуып, «қойды» арашалап қалады. Ойын жалғаса береді. Ойын уақыты шектелмейді. Ойын соңында қатынасушылар жиналып «қасқырдың», «күзетшінің» «қойдың» өздеріне ұнаған жағын атап көрсетеді. Ойын таза ауада дем алуға, қараңғыда жерді, бағытты айыра білуге, сезімталдыққа баулиды. 

Бұғынай — ұлттық ойын.

Бұл ойын жазда, көгалды тегіс алаңда ойналады. Ойынға қатынасушылардың саны 10—25, одан да артық бола береді. Бұл ойынды көбінесе балалар ойнайды.

Ойынға қатынасушылар малдастарын құрып, дөңгелене отырысады. Орталарынан бірі ойын жүргізуші қызметін атқарады. Ол отырған ойыншыларды сынай бастайды. «Бірінші бұғынай, екінші бұғынай, үшінші бұғынай...» т. б. ең ақырғы ойыншыға дейін осы тәртіппен санап шығады да, кенеттен бір санды атайды. (Мысалы: «Алтыншы бұғынай»). Сол санның иесі орнынан жылдам тұрады да, бір санды айтып, тез өз орнына малдас құрып отыра қалады. Ол санның иесі де жылдам тұрып, кез келген бір санды айтып, өз орнына қайта отырады. Әрбір айтылған санның иесі осыны қайталаумен болады. Егерде айтылған санның иесі түра алмай қалса немесе оның орнына басңа біреу тұрса, онда ойынға белгіленген тәртіп бойынша жаза қолданылады. Ол жазасын орындап болған соң, бір санды айтып орнына отырады. Ойын жалғаса береді. Әркім өзіне берілген санды ұмытпауы керек.

Ойын тез қимылдап, жедел шешім қабылдауға, ойда сақтау қабілетін дамытуға дағдыландырады.

«Қарт-құрт» ойыны – ертеден келе жатқан ұлт ойындарының бірі. Жас өспірімдер жиналып, өзара келісе отырып, тең екі топқа бөлінеді. Жүргізушінің айтуымен екі топтан екі ойыншы қарама-қарсы екі жаққа белгіленген бұтаның түбіне жіберіледі. Олар басқа ойыншыларға көрсетпей, бір таса жерге сызып белгілер салады. Олар қайтып оралғаннан кейін, екі топтың ойыншылары қарсыластарының салған белгілерін тауып, өшіріп тастайды. Сонан соң екі топтың ойыншылары ортаға қайта жиналып бірігеді де, барлығы бірге жүріп, белгілерді көріп, өшірілмей қалғандарын санап шығады. Қай топтың салған белгілері көбірек өшірілмей қалса, сол топ жеңіп шығады. Ұтқан жағы ұтылғандарға ұпай салады. Ойын жалғаса береді.