Қандастар Ассамблея

Күміс жалатылған дәрілер шығуы мүмкін

25.06.2013 2501
АҚШ-тың Бостон университетінің ғалымдары антибиотиктерді күмістің аз мөлшерімен араластырып шығаруды ұсынып отыр. Өйткені күміс дәрі-дәрмектің бактерияға қарсы қуатын арттырады екен.  Мeddaily.ru-дың хабар­лауын­ша, америкалық мамандар анти­биотиктер мен күміс қосын­дысын тышқандарға қолданып көрген. Зерттеудің нәтижесінде бағалы металл бөлшегі қосылған дәрі-дәрмектердің зәр шығару мен ас қорыту жүйесіндегі бакте­рия­ларға қарсы күші 10-нан 1000 есеге дейін артқаны белгілі бол­ды. Мұндай қоспа ең тұрақты деген микроағзалардың өзін өл­тіре алатын болып шықты. Бостон­дық ғалымдар бұдан былай дәрі-дәрмек атаулыны күмісті жа­­­бын­мен шығаруды ұсынады. Сондай-ақ күміс қосындысымен көне дәрі-дәрмекті жарамды етуге болатынын айтады. Baq.kz

АҚШ-тың Бостон университетінің ғалымдары антибиотиктерді күмістің аз мөлшерімен араластырып шығаруды ұсынып отыр. Өйткені күміс дәрі-дәрмектің бактерияға қарсы қуатын арттырады екен. 

Мeddaily.ru-дың хабар­лауын­ша, америкалық мамандар анти­биотиктер мен күміс қосын­дысын тышқандарға қолданып көрген. Зерттеудің нәтижесінде бағалы металл бөлшегі қосылған дәрі-дәрмектердің зәр шығару мен ас қорыту жүйесіндегі бакте­рия­ларға қарсы күші 10-нан 1000 есеге дейін артқаны белгілі бол­ды. Мұндай қоспа ең тұрақты деген микроағзалардың өзін өл­тіре алатын болып шықты. Бостон­дық ғалымдар бұдан былай дәрі-дәрмек атаулыны күмісті жа­­­бын­мен шығаруды ұсынады. Сондай-ақ күміс қосындысымен көне дәрі-дәрмекті жарамды етуге болатынын айтады.

Baq.kz

Ұқсас материалдар