Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Кеңес Дүйсекеев шығармашылық кешінің қонағы болады

25.06.2013 4546
Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұрлан Өнербаев, Қадыралы Болманов Кеңес Дүйсекеевтің авторлық кешіне қатысып, өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобы. 2 шілдеде Астанада Конгресс-холл сарайында композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің «Алтын бесік - Астана» атты авторлық кеші өтеді.  Кешке қонақ ретінде Ерік Жолжақсынов, Нағима Есқалиева, Маржан Арапбаева, Майра Дәулетбақова, Жұбаныш Жексенұлы, Қадырәлі Болманов, Алишер Каримов, Мадина Сәдуақасова, Жеңіс Ысқақова, Ақжол Мейірбеков, Айжан Нұрмағамбетова, «Дабыл» тобы, Нұрлан Өнербаев, Роза Рымбаева шақырылып отыр. Сүйікті әртістердің орындауында Ерболат Ахмедьяров жетекшілік ететін симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен  «Қайда  жүрдiң», «Еркеледiң  сен», «Алматым», «Өкінбе  сен», «Асыл  ана», «Ғашықтар  жыры», «Туған  жер», «Алғашқы  махаббат», «Қарағым-ай», «Махаббат  сыры», «Алтын  бесiк  Астана», тағы да басқа  әндері шырқалады.  Кеңес Дүйсекеев қазіргі заманғы кеңінен танылған көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Ол бірнеше фильмдер мен театр қойылымдарына да музыка жазған.  Қазір профессор К. Дүйсекеев Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Композиция және опералық-симфониялық дирижирлік» кафедрасында дәріс оқиды. http://www.astana.kz

Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұрлан Өнербаев, Қадыралы Болманов Кеңес Дүйсекеевтің авторлық кешіне қатысып, өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобы.

2 шілдеде Астанада Конгресс-холл сарайында композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің «Алтын бесік - Астана» атты авторлық кеші өтеді. 

Кешке қонақ ретінде Ерік Жолжақсынов, Нағима Есқалиева, Маржан Арапбаева, Майра Дәулетбақова, Жұбаныш Жексенұлы, Қадырәлі Болманов, Алишер Каримов, Мадина Сәдуақасова, Жеңіс Ысқақова, Ақжол Мейірбеков, Айжан Нұрмағамбетова, «Дабыл» тобы, Нұрлан Өнербаев, Роза Рымбаева шақырылып отыр.

Сүйікті әртістердің орындауында Ерболат Ахмедьяров жетекшілік ететін симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен  «Қайда  жүрдiң», «Еркеледiң  сен», «Алматым», «Өкінбе  сен», «Асыл  ана», «Ғашықтар  жыры», «Туған  жер», «Алғашқы  махаббат», «Қарағым-ай», «Махаббат  сыры», «Алтын  бесiк  Астана», тағы да басқа  әндері шырқалады. 

Кеңес Дүйсекеев қазіргі заманғы кеңінен танылған көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Ол бірнеше фильмдер мен театр қойылымдарына да музыка жазған. 

Қазір профессор К. Дүйсекеев Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Композиция және опералық-симфониялық дирижирлік» кафедрасында дәріс оқиды.

http://www.astana.kz

Ұқсас материалдар