Қандастар Ассамблея

Ұшқышсыз ұшақтар Африкаға пошта таситын болды

25.06.2013 2302
Matternet атты американдық компания "қара құрлықтың" (Африка) адам аяғымен жетуі қиын аймақтарына хаттар мен басқа да қажетті заттарды жеткізу үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып, біртұтас пошталық желіні қалыптастырмақ, деп хабарлайды Daily Mail. Ұшқышсыз ұшақ-пошташылары осыған дейін Гаити мен Доминикан Республикаларында сынақтан сәтті өткен еді.   Аппараттар толығымен автономды режимде жұмыс жасамақ. Әзірге олар тек 2 келі жүкті 10 шақырым қашықтыққа апаруға шамалары жетеді. Алайда Matternet компаниясы болашақта бұл ұшақтардың жүккөтергіштігі мен ұшу қашықтығын біршама арттыруды көздеп отыр. Ал жерде әлгі ұшақтар пошта хаттарын алып немесе тастап кететін хабтардың (әуежай) желісі салынбақ. Одан бөлек, хабтар ұшақтарды қуаттандыратын док-станция қызметін де атқаратын болады. Аппараттарды басқару біртұтас желі көмегімен жүзеге аспақ. Ал тұтынушылар пошта қызметі үшін ақыны мобильді телефонмен төлей алады. Matternet өкілдерінің сөзінше, мұндай пошталық желі салыстырмалы есеппен аса қымбатқа түсе қоймайды. Мысалы, 50 станция мен 150 аппараттың құны 900 мың доллар шамасында болады екен. http://www.massaget.kz

Matternet атты американдық компания "қара құрлықтың" (Африка) адам аяғымен жетуі қиын аймақтарына хаттар мен басқа да қажетті заттарды жеткізу үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып, біртұтас пошталық желіні қалыптастырмақ, деп хабарлайды Daily Mail. Ұшқышсыз ұшақ-пошташылары осыған дейін Гаити мен Доминикан Республикаларында сынақтан сәтті өткен еді.

 

25

Аппараттар толығымен автономды режимде жұмыс жасамақ. Әзірге олар тек 2 келі жүкті 10 шақырым қашықтыққа апаруға шамалары жетеді. Алайда Matternet компаниясы болашақта бұл ұшақтардың жүккөтергіштігі мен ұшу қашықтығын біршама арттыруды көздеп отыр. Ал жерде әлгі ұшақтар пошта хаттарын алып немесе тастап кететін хабтардың (әуежай) желісі салынбақ. Одан бөлек, хабтар ұшақтарды қуаттандыратын док-станция қызметін де атқаратын болады. Аппараттарды басқару біртұтас желі көмегімен жүзеге аспақ. Ал тұтынушылар пошта қызметі үшін ақыны мобильді телефонмен төлей алады.

Matternet өкілдерінің сөзінше, мұндай пошталық желі салыстырмалы есеппен аса қымбатқа түсе қоймайды. Мысалы, 50 станция мен 150 аппараттың құны 900 мың доллар шамасында болады екен.

http://www.massaget.kz

Ұқсас материалдар