Қандастар Ассамблея

Нәдіровтар әулеті

25.06.2013 2447
АЛМАТЫ                                                                                                             Жалпы еңбек өтілі 103 жыл Алматыда Нәдіровтар әулеті көптеген жылдар бойы қала тұрғындарының денсаулығына жіті қадағалап келеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Біздің тілшілер алматылық дәрігерлер әулетімен танысуды Нәдіровтардың кенжесі Жандостан бастаған болатын. Жандос үшін медицинадағы 25 жыл көзді ашып - жұмғанша өте шыққан.  Ол 1988-1991  жылдары Республикалық медицина училищесінде фельдшер лаборант мамандығын алып шыққан. Оқуды үздік бітірген ол Қазақ мемлекеттік медицина университетіне педриатрия мамандығына түседі.  Екі жылдан соң оқуын Қазақ Ұлтық медициналық университетінде клникалық ординатурада балалар хиругиясы тақыбырында жалғастырады. 1997 – 2001 жылдары Жандос Нәдіров Алматыдағы №1 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында хируг болып анасы Күләш Есқазықызы мен хируг әкесінің тәлімгерлігімен іске кіріседі. Жандос сол кезде анасының балалар ауруханасының бас дәрігер болғандығын, сондықтан әкесі екеуі басшының атына кір келтірмеу үшін барынша талаптанғандығын жасырмайды. 2001 жылы балалар хиругиясы мамандығымен кандидаттық еңбегін қорғап, ҚазҰМУ-да балалар хиругиясы кафедрасының ассистенті атанады. 4 жылдан соң Жандос Алматы қалалаық медицина қызметінің сапасын бақылау жөніндегі басқармасының аға маманы дәрежесіне жоғарылатылады. Кейін Денсаулық сақтау институтының автоматты тестілеудің бірыңғай орталығының жетекшісі болып тағайындалады. 2007 жылы Алматы қалалық қан орталығының директор болып жұмыс істей бастайды. Сол жерде 2010 жылға дейін істеген. Жандос Нәдіров 2010 жылдан бастап 2012 жылдың сәуіріне дейін жұмысын өзгертіп Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында істейді. 2012 жылы бұрын істеген жері қалалық қан орталығына қайтып оралды. Жандос еңбек еткен жылдарын еске ала отырып, өткен қызықты сәттерінің көп тұстарын еске түсірді. Ол  осы мамандықты  таңдауына ата-анасы ғана емес өзін бағып – қаққан әжесі мен атасы да ықпал еткенін айтып отыр. «13  жасымда сүйікті әжем қайтыс болғанда мен қатты ауырдым. Атам да уайымдап жүрді. Мен 8 сыныпты бітіргенде әкем мені қалаға алып кету үшін келді. Мен қарсы болдым. Алайда атам өзі қартайып бара жатқандығын, өзіне медициналық көмектің қажет екендігін айтып қалаға оралуымды сұрады. Бұл маған қатты әсер етті»,- дейді өткенді еске түсірген Жандос Нәдіров. Қазір Жандостың өзінің үш баласы өсіп келеді. Оның анасы Күләш Есқазқызының еңбек жолы да қызықты. «Менің қандай мамандық таңдау жайын тіптен ойламадым. Өйткені әкем кішкене кезімізде мені дәрігер, сіңілімді мұғалім болады деп анықтап қойған еді»,- деп күледі Күләш Нәдірова. Медицина университетінде оқыған студенттік жылдары ол өзінен бір курс жоғары оқитын болашақ серігі Қуанышбекпен танысады. 38 жылдық өтілі бар Күләш Нәдірованың еңбек жолына алғашқы сапары №2 қалалық клиникалық аурухананың емханасындағы учаскелік дәрігер мамандығынан басталған. Кейін Күләш апа жаңа туған балаларға көмек көрсететін стационарға келеді. Сол кез өте ауыр кез болатын. Онда қиыншылыққа мойымай тұрақты 10 жыл жұмыс істейді. Қазір Күләш Есқазықызы «Алматы қалалық психоневрологиялық науқастар мен мүгедектер интернат үйінің» директоры. Оның оншақты награда мен медалі бар. Оған ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі бойынша комиссиясы «Үздік әйел басқарған кәсіпорын» атты диплом тапсырған.  ҚР Білім және ғылым министрлігі қайырымдылығы үшін «Алтын жүрек» дипломы, Еуропа бинес қауымдастығы сарапшылары кеңесінің «2010 жылғы үздік менеджер» дипломы, «Үздік тұлғалар» атты халықаралық энциклопедиясының батыры медалы секілді марапаттары аз емес. Медицина саласына беріле қызмет еткен Күләш жолдасы Қуанышбекпен бірге үш бала тәрбиелеп-өсірген. Олар қазір тәжірибелі заңгерлер мен ғылыми атағы бар дәрігер. Ол еңбек жолында жолдасы Қуанышбек Нәдірұлын қолдап келді. Өмір бойы бір жерде қызмет еткен оның еңбек кітапшасында №1 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы деген жалғыз ғана жазу бар. Ол Алматы мемлекеттік медициналық  институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген. Қуанышбек бар өмірін балаларды құтқаруға сарп етті. Қуанышбек Нәдірұлы марапаттарын айтқанда 1996 жылы алған «ҚР Денсаулық сақтаудың үздігі» төсбелгісін ерекше атап кетті. Алайда 40 жыл медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегімен сауығып кеткен балалардың және олардың ата-аналарының күлкісінен артық сыйлық бар ма екен?! Қуанышбек Нәдірұлы тағы да бірнеше жыл жұмыс істеуді жоспарлап отыр, өйткені ол 8 сәуірде ресми зейнеткерлікке шыққан болатын. Өзінің сүйікті кәсібін тастағысы келмейді, Оны жұбайы Күләш те қолдап отыр. Күләш пен Қуанышбек Нәдіровтар немерелері де медицина саласына барып, әулеттің кәсібін жалғастыратындығына үміттенеді. Осындай еңбеккерлер әулеті ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жасампаздығының кепілі екені сөзсіз. Бұл жаһандық дағдарыс кезінде мемлекеттік тұрақты дамуы үшін қажет. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам»  мақаласында өз ісінің білгірі болған жандар жөнінде айтылған. Яғни, еліміздің әр тұрғыны еңбек адамына, өндірісшіге сөзсіз құрмет көрсетуі тиіс. «Тұтыну идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», деп көрсетілген мақалада.   Нәдіровтар әулеті (фото)  

АЛМАТЫ                                                                                                             Жалпы еңбек өтілі 103 жыл

Алматыда Нәдіровтар әулеті көптеген жылдар бойы қала тұрғындарының денсаулығына жіті қадағалап келеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Біздің тілшілер алматылық дәрігерлер әулетімен танысуды Нәдіровтардың кенжесі Жандостан бастаған болатын. Жандос үшін медицинадағы 25 жыл көзді ашып - жұмғанша өте шыққан.  Ол 1988-1991  жылдары Республикалық медицина училищесінде фельдшер лаборант мамандығын алып шыққан. Оқуды үздік бітірген ол Қазақ мемлекеттік медицина университетіне педриатрия мамандығына түседі. 

Екі жылдан соң оқуын Қазақ Ұлтық медициналық университетінде клникалық ординатурада балалар хиругиясы тақыбырында жалғастырады. 1997 – 2001 жылдары Жандос Нәдіров Алматыдағы №1 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында хируг болып анасы Күләш Есқазықызы мен хируг әкесінің тәлімгерлігімен іске кіріседі. Жандос сол кезде анасының балалар ауруханасының бас дәрігер болғандығын, сондықтан әкесі екеуі басшының атына кір келтірмеу үшін барынша талаптанғандығын жасырмайды.

2001 жылы балалар хиругиясы мамандығымен кандидаттық еңбегін қорғап, ҚазҰМУ-да балалар хиругиясы кафедрасының ассистенті атанады. 4 жылдан соң Жандос Алматы қалалаық медицина қызметінің сапасын бақылау жөніндегі басқармасының аға маманы дәрежесіне жоғарылатылады. Кейін Денсаулық сақтау институтының автоматты тестілеудің бірыңғай орталығының жетекшісі болып тағайындалады. 2007 жылы Алматы қалалық қан орталығының директор болып жұмыс істей бастайды. Сол жерде 2010 жылға дейін істеген. Жандос Нәдіров 2010 жылдан бастап 2012 жылдың сәуіріне дейін жұмысын өзгертіп Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында істейді. 2012 жылы бұрын істеген жері қалалық қан орталығына қайтып оралды.

Жандос еңбек еткен жылдарын еске ала отырып, өткен қызықты сәттерінің көп тұстарын еске түсірді. Ол  осы мамандықты  таңдауына ата-анасы ғана емес өзін бағып – қаққан әжесі мен атасы да ықпал еткенін айтып отыр.

«13  жасымда сүйікті әжем қайтыс болғанда мен қатты ауырдым. Атам да уайымдап жүрді. Мен 8 сыныпты бітіргенде әкем мені қалаға алып кету үшін келді. Мен қарсы болдым. Алайда атам өзі қартайып бара жатқандығын, өзіне медициналық көмектің қажет екендігін айтып қалаға оралуымды сұрады. Бұл маған қатты әсер етті»,- дейді өткенді еске түсірген Жандос Нәдіров.

Қазір Жандостың өзінің үш баласы өсіп келеді.

Оның анасы Күләш Есқазқызының еңбек жолы да қызықты.

«Менің қандай мамандық таңдау жайын тіптен ойламадым. Өйткені әкем кішкене кезімізде мені дәрігер, сіңілімді мұғалім болады деп анықтап қойған еді»,- деп күледі Күләш Нәдірова.

Медицина университетінде оқыған студенттік жылдары ол өзінен бір курс жоғары оқитын болашақ серігі Қуанышбекпен танысады.

38 жылдық өтілі бар Күләш Нәдірованың еңбек жолына алғашқы сапары №2 қалалық клиникалық аурухананың емханасындағы учаскелік дәрігер мамандығынан басталған. Кейін Күләш апа жаңа туған балаларға көмек көрсететін стационарға келеді. Сол кез өте ауыр кез болатын. Онда қиыншылыққа мойымай тұрақты 10 жыл жұмыс істейді. Қазір Күләш Есқазықызы «Алматы қалалық психоневрологиялық науқастар мен мүгедектер интернат үйінің» директоры. Оның оншақты награда мен медалі бар.

Оған ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі бойынша комиссиясы «Үздік әйел басқарған кәсіпорын» атты диплом тапсырған.  ҚР Білім және ғылым министрлігі қайырымдылығы үшін «Алтын жүрек» дипломы, Еуропа бинес қауымдастығы сарапшылары кеңесінің «2010 жылғы үздік менеджер» дипломы, «Үздік тұлғалар» атты халықаралық энциклопедиясының батыры медалы секілді марапаттары аз емес. Медицина саласына беріле қызмет еткен Күләш жолдасы Қуанышбекпен бірге үш бала тәрбиелеп-өсірген. Олар қазір тәжірибелі заңгерлер мен ғылыми атағы бар дәрігер.

Ол еңбек жолында жолдасы Қуанышбек Нәдірұлын қолдап келді. Өмір бойы бір жерде қызмет еткен оның еңбек кітапшасында №1 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы деген жалғыз ғана жазу бар. Ол Алматы мемлекеттік медициналық  институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген. Қуанышбек бар өмірін балаларды құтқаруға сарп етті. Қуанышбек Нәдірұлы марапаттарын айтқанда 1996 жылы алған «ҚР Денсаулық сақтаудың үздігі» төсбелгісін ерекше атап кетті. Алайда 40 жыл медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегімен сауығып кеткен балалардың және олардың ата-аналарының күлкісінен артық сыйлық бар ма екен?!

Қуанышбек Нәдірұлы тағы да бірнеше жыл жұмыс істеуді жоспарлап отыр, өйткені ол 8 сәуірде ресми зейнеткерлікке шыққан болатын. Өзінің сүйікті кәсібін тастағысы келмейді, Оны жұбайы Күләш те қолдап отыр.

Күләш пен Қуанышбек Нәдіровтар немерелері де медицина саласына барып, әулеттің кәсібін жалғастыратындығына үміттенеді.

Осындай еңбеккерлер әулеті ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жасампаздығының кепілі екені сөзсіз. Бұл жаһандық дағдарыс кезінде мемлекеттік тұрақты дамуы үшін қажет. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам»  мақаласында өз ісінің білгірі болған жандар жөнінде айтылған. Яғни, еліміздің әр тұрғыны еңбек адамына, өндірісшіге сөзсіз құрмет көрсетуі тиіс. «Тұтыну идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», деп көрсетілген мақалада.

 

Нәдіровтар әулеті (фото)