Қандастар Ассамблея

Анкарада «Домбыра Пати» өтті (ФОТО)

24.06.2013 3021
Туыстас түрік елінде білім алып жүрген қазақ жастары «Домбыра Пати» ұйымдастырды. Анкарадағы «Жастар саябағында» қазақтың қара домбырасы күмбірлеп, асқақ әні қанат қақты,-деп хабарлайды Түркиядағы «Анкара қазақ жастары» бірлестігінен Мырзахан Байболов.   Қазақстанда жүріп жатқан игілікті істің ізгі хабарынан құлағдар білімгер жастар, елдегі замандастарының тың бастамасын Түркияда жандандырды. «Анкарадағы шараның артықшылығы – домбыраға тіл бітірген жастардың арасында түрік бауырлардың болуы. Фатих Ұлұташ пен Синан Гөнүлташ сияқты өнерпаз жігіттердің домбыра құлағында ойнаған шеберліктері көпшілікті тәнті етті. Екінші ерекшелік – жастар ұйымдастырған шараларына «Домбыра – думан» атауын беруі болды»,-дейді ұйымдастырушылар.  Саябаққа серуендей келгендердің назарын аударған жиында домбыра шанағынан қазақтың тағылымды термесі төгіліп, қастерлі күйі күмбірледі. Әсем әндер әуелеп, «Қара жорғаның» сазы жастарды биге үйірді. «Домбыра – думанда» өнер көрсеткен жас өреннің барлығы ҚР Мәдениет қайраткері Эльмира Шендуранның баулыған шәкірттері. Анкарадағы өткен мәдени шараға мұрындық болған да осы кісі. Қос ішектің сиқырлы сазы елден жырақ жүрген жастардың сағынышын басқандай болса, өзге жұртқа «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!» екендігін дәлелдегендей. Baq.kz

Туыстас түрік елінде білім алып жүрген қазақ жастары «Домбыра Пати» ұйымдастырды. Анкарадағы «Жастар саябағында» қазақтың қара домбырасы күмбірлеп, асқақ әні қанат қақты,-деп хабарлайды Түркиядағы «Анкара қазақ жастары» бірлестігінен Мырзахан Байболов.  

Қазақстанда жүріп жатқан игілікті істің ізгі хабарынан құлағдар білімгер жастар, елдегі замандастарының тың бастамасын Түркияда жандандырды. «Анкарадағы шараның артықшылығы – домбыраға тіл бітірген жастардың арасында түрік бауырлардың болуы. Фатих Ұлұташ пен Синан Гөнүлташ сияқты өнерпаз жігіттердің домбыра құлағында ойнаған шеберліктері көпшілікті тәнті етті. Екінші ерекшелік – жастар ұйымдастырған шараларына «Домбыра – думан» атауын беруі болды»,-дейді ұйымдастырушылар. 
Саябаққа серуендей келгендердің назарын аударған жиында домбыра шанағынан қазақтың тағылымды термесі төгіліп, қастерлі күйі күмбірледі. Әсем әндер әуелеп, «Қара жорғаның» сазы жастарды биге үйірді. «Домбыра – думанда» өнер көрсеткен жас өреннің барлығы ҚР Мәдениет қайраткері Эльмира Шендуранның баулыған шәкірттері. Анкарадағы өткен мәдени шараға мұрындық болған да осы кісі. Қос ішектің сиқырлы сазы елден жырақ жүрген жастардың сағынышын басқандай болса, өзге жұртқа «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!» екендігін дәлелдегендей.

Baq.kz

Ұқсас материалдар