Қандастар Ассамблея

Қазақстандық боксшы Г. Головкин мен британдық М. Маклин арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көруг

20.06.2013 2181
WBA/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық М. Маклин арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көруге болады, деп хабарлайды Vesti.kz. 29 маусымда Машантукетте (АҚШ, Коннектикут штаты) Foxwoods Resort Casino аренасында өтетін жекпе-жекті 30 маусымда Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 09:00-де «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді.  Бұл кездесудің жазылып алынған нұсқасын 1 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де «Астана» телеарнасынан көруге болады. Ағымдағы жылы үшінші шаршы алаңға көтерілетін қазақстандық боксшы үшін сегізінші рет WBA чемпиондық белдігін қорғау болатынын атап өткен жөн. Британдық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2012 жылғы 15 қыркүйекте өткізіп, бірінші раундта гаитяндық боксшы Джоашим Альсинді сұлатқан. Бұған дейін Маклин екі жекпе-жектен бірдей: алдымен неміс Феликс Штурмнен, содан кейін аргентиналық Серхио Габриэль Мартинестен жеңіліп қалған. Головкин мен Маклин арасындағы жекпе-жек HBO арнасындағы Boxing After Dark сериясы аясындағы ірі бокс кешінің негізгі оқиғасы болатынын естеріңізге саламыз. ҚазАқпарат.

WBA/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық М. Маклин арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирден көруге болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

29 маусымда Машантукетте (АҚШ, Коннектикут штаты) Foxwoods Resort Casino аренасында өтетін жекпе-жекті 30 маусымда Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 09:00-де «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді. 

Бұл кездесудің жазылып алынған нұсқасын 1 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де «Астана» телеарнасынан көруге болады.

Ағымдағы жылы үшінші шаршы алаңға көтерілетін қазақстандық боксшы үшін сегізінші рет WBA чемпиондық белдігін қорғау болатынын атап өткен жөн. Британдық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2012 жылғы 15 қыркүйекте өткізіп, бірінші раундта гаитяндық боксшы Джоашим Альсинді сұлатқан. Бұған дейін Маклин екі жекпе-жектен бірдей: алдымен неміс Феликс Штурмнен, содан кейін аргентиналық Серхио Габриэль Мартинестен жеңіліп қалған.

Головкин мен Маклин арасындағы жекпе-жек HBO арнасындағы Boxing After Dark сериясы аясындағы ірі бокс кешінің негізгі оқиғасы болатынын естеріңізге саламыз.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар