Қандастар Ассамблея

НАСА болашақ Марсты игерушілердің есімдерін атады

19.06.2013 2231
Американдық NASA ғарыш агенттігі 2020 жылы Марсқа аттанатындардың есімдерін атады, деп хабарлады Утро.ру. Астронавтардың жартысы әйелдер болып отыр. Үміткерлер 6,1 мың адамның ішінен қатаң іріктеуден өтті. Олардың білімі мен даярлық деңгейін мамандар бір жарым жыл бойы тексерді. «Біз академиялық деңгейі, дене шымырлығы және психологиялық даярлығы жағынан жақсы нәтиже көрсеткен сегіз адамды іріктеп алдық», - делінген NASA-ның мәлімдемесінде. «Олардың әрқайсысының бай өмірлік тәжірибесі, білімі бар және арнайы дағдыларды меңгерген. Олар бір-біріне білімдерін үйретіп, NASA зерттеулеріне зор үлес қоса алады», - деді Джонсон атындағы ғарыш агенттігінің өкілі Джанет Каванди. Олардың арасындағы 39 жастағы Джош Кассада ұшқыш, білімі бойынша физик, 37 жастағы Виктор Гловер мен Ник Хэйг сынаушы-ұшқыш, 34 жастағы Кристина Хамок мұхиттану саласындағы зерттеулермен айналысады, 34 жастағы Энн Маккейн әскери қызметші, жақында сынаушы-ұшқыш мектебінде даярлықтан өтті. 35 жастағы Николь Манн теңіз жаяу әскерінде қызмет атқарған. Марсқа аттанушылардың арасында екі дәрігер бар: 35 жастағы Джессика Меир Гарвард университеті жанындағы мектепте анестезиолог, 37 жастағы Эндрю Морган әскери қызметші және медицина ғылымдарының докторы, төтенше жағдайлар режимінде жұмыс жасап ысылған адам. Астронавтар тамыз айында Хьюстондағы жаттығу орталығында даярлықтан өтеді. Қазіргі жағдайда Марска ұшу шамамен 360 күнге созылады. Марсқа ұшу ғарышкерлер үшін өте қауіпті. Ондағы радиация сәулесі өлімге апарып соқтыратын қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін. Ғаламшар бетіндегі радиация дегейі Curiosity марсоходының борт компьютерін істен шығара алады. ҚазАқпарат.

Американдық NASA ғарыш агенттігі 2020 жылы Марсқа аттанатындардың есімдерін атады, деп хабарлады Утро.ру.

Астронавтардың жартысы әйелдер болып отыр. Үміткерлер 6,1 мың адамның ішінен қатаң іріктеуден өтті. Олардың білімі мен даярлық деңгейін мамандар бір жарым жыл бойы тексерді.

«Біз академиялық деңгейі, дене шымырлығы және психологиялық даярлығы жағынан жақсы нәтиже көрсеткен сегіз адамды іріктеп алдық», - делінген NASA-ның мәлімдемесінде. «Олардың әрқайсысының бай өмірлік тәжірибесі, білімі бар және арнайы дағдыларды меңгерген. Олар бір-біріне білімдерін үйретіп, NASA зерттеулеріне зор үлес қоса алады», - деді Джонсон атындағы ғарыш агенттігінің өкілі Джанет Каванди.

Олардың арасындағы 39 жастағы Джош Кассада ұшқыш, білімі бойынша физик, 37 жастағы Виктор Гловер мен Ник Хэйг сынаушы-ұшқыш, 34 жастағы Кристина Хамок мұхиттану саласындағы зерттеулермен айналысады, 34 жастағы Энн Маккейн әскери қызметші, жақында сынаушы-ұшқыш мектебінде даярлықтан өтті. 35 жастағы Николь Манн теңіз жаяу әскерінде қызмет атқарған. Марсқа аттанушылардың арасында екі дәрігер бар: 35 жастағы Джессика Меир Гарвард университеті жанындағы мектепте анестезиолог, 37 жастағы Эндрю Морган әскери қызметші және медицина ғылымдарының докторы, төтенше жағдайлар режимінде жұмыс жасап ысылған адам.

Астронавтар тамыз айында Хьюстондағы жаттығу орталығында даярлықтан өтеді. Қазіргі жағдайда Марска ұшу шамамен 360 күнге созылады.

Марсқа ұшу ғарышкерлер үшін өте қауіпті. Ондағы радиация сәулесі өлімге апарып соқтыратын қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін. Ғаламшар бетіндегі радиация дегейі Curiosity марсоходының борт компьютерін істен шығара алады.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар