Қандастар Ассамблея

«Қазақстан барысында» Батыс Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?

19.06.2013 2571
30 маусым күні өтетін «Қазақстан барысы» жарысының финалдық бәсекесінде Батыс Қазақстан облысының намысын Ринат Ибрагимов пен Сұңғат Махамбетов қорғайтын болды. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өңірдің бас балуаны, бұдан бұрын да «Қазақстан барысында» бақ сынаған Еділ Үсенов жарақатына байланысты биыл жарыстан тыс қалып отыр. Оның орнына облыстық іріктеу сайысында үшінші орын алған Сұңғат Махамбетов барады. Осы жарыста екінші орынды иеленген Ринат Ибрагимов қазір Алматы қаласында жаттығуда. Ол - дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогінің иегері, Бейжің, Лондон олимпиадаларына қатысқан тәжірибелі спортшы. 1986 жылы өмір есігін ашқан Ринаттың бойы 181 см, салмағы 84 келі. Жаттықтырушылары - Қошқарбай Табынбаев, Самат Жылқыбаев және Қайырбек Оңдағанов. Райбек Меңдіғалиев пен Қайырбек Оңдағанов баптайтын Сұңғат әлдеқайда жас. 1992 жылы Сырым ауданында дүниеге келген оның бойы (173 см) аласа болғанымен, салмағы (100 келі) едәуір. Самбо мен дзюдодан спорт шебері. 2012 жылы жастар арасында самбодан Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Батысқазақстандықтар осы екі балуанға үміт артып отыр. ҚазАқпарат.

30 маусым күні өтетін «Қазақстан барысы» жарысының финалдық бәсекесінде Батыс Қазақстан облысының намысын Ринат Ибрагимов пен Сұңғат Махамбетов қорғайтын болды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өңірдің бас балуаны, бұдан бұрын да «Қазақстан барысында» бақ сынаған Еділ Үсенов жарақатына байланысты биыл жарыстан тыс қалып отыр. Оның орнына облыстық іріктеу сайысында үшінші орын алған Сұңғат Махамбетов барады. Осы жарыста екінші орынды иеленген Ринат Ибрагимов қазір Алматы қаласында жаттығуда. Ол - дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогінің иегері, Бейжің, Лондон олимпиадаларына қатысқан тәжірибелі спортшы. 1986 жылы өмір есігін ашқан Ринаттың бойы 181 см, салмағы 84 келі. Жаттықтырушылары - Қошқарбай Табынбаев, Самат Жылқыбаев және Қайырбек Оңдағанов.

Райбек Меңдіғалиев пен Қайырбек Оңдағанов баптайтын Сұңғат әлдеқайда жас. 1992 жылы Сырым ауданында дүниеге келген оның бойы (173 см) аласа болғанымен, салмағы (100 келі) едәуір. Самбо мен дзюдодан спорт шебері. 2012 жылы жастар арасында самбодан Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.

Батысқазақстандықтар осы екі балуанға үміт артып отыр.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар