Қандастар Ассамблея

Ғаламтор желісі «Қазақ әлемімен» толықты

18.06.2013 3623
Ғаламтор желісі «Қазақ әлемі» (www.qazaq-alemi.kz) деп аталатын жаңа сайтпен толықты. Онда әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген миллиондаған қазақтардың сұрауы бойынша дүниеге келген «Қазақ елі», «Көші-қон», «Ана тілі», «Жастар» айдарлары бар. Олар дүниенің төрт түкпірінде тарыдай шашырап жүрген қандастарымыздың сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді. Сондай-ақ, форумда көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтары бойынша бүгінгі күннің көкейкесті тақырыптары талқыға салынады. «Қазақ әлемі» сайтының басты құндылығы - сайт мұрағатында өзге елде түтін түтетіп отырған қандастар өмірін жан-жақты зерттеген жазбаларға толы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының республика аймақтарындағы өкілдіктерінің және Түркия, Ресей, Канада, Ұлыбритания, Моңғолия, Германия елдеріндегі қазақ тіліндегі әлеуметтік парақшалары бір жерге топтастырылған. Сондай-ақ шартараптағы қандастарымыз туралы жазып, зерттеп жүрген басқа да әлеуметтік желілерге сайттан орын берілген. ҚазАқпарат.

Ғаламтор желісі «Қазақ әлемі» (www.qazaq-alemi.kz) деп аталатын жаңа сайтпен толықты. Онда әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген миллиондаған қазақтардың сұрауы бойынша дүниеге келген «Қазақ елі», «Көші-қон», «Ана тілі», «Жастар» айдарлары бар. Олар дүниенің төрт түкпірінде тарыдай шашырап жүрген қандастарымыздың сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді. Сондай-ақ, форумда көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтары бойынша бүгінгі күннің көкейкесті тақырыптары талқыға салынады.

«Қазақ әлемі» сайтының басты құндылығы - сайт мұрағатында өзге елде түтін түтетіп отырған қандастар өмірін жан-жақты зерттеген жазбаларға толы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының республика аймақтарындағы өкілдіктерінің және Түркия, Ресей, Канада, Ұлыбритания, Моңғолия, Германия елдеріндегі қазақ тіліндегі әлеуметтік парақшалары бір жерге топтастырылған. Сондай-ақ шартараптағы қандастарымыз туралы жазып, зерттеп жүрген басқа да әлеуметтік желілерге сайттан орын берілген.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар