Қандастар Ассамблея

Бурабайда 11 бес жұлдызды қонақүй салынады

18.06.2013 2572
Шортанды көлінің жағалауы жоғары санаттағы демалыс аймағына айналады. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі Туризм индустрия комитеті төрағасының кеңесшісі Қайрат Сәдуәқасов мәлім етті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Туризм индустриясы комитеті қолға алған жоспарға сәйкес, Бурабай демалушыларға жыл бойы қызмет көрсетіп, демалыстың кез келген түрімен қамти алатын әлемдік деңгейдегі шипажай болуы тиіс. Сондай-ақ, "Риксос" қонақ үйінен бөлек, сауықтыру орталығы, бес жұлдызды бутик-отельдер, вилла мен таунхаустар және ұлттық нақыштағы шағын шатырлар салынады. Жағалауда құрылыс жұмыстары қазірден қарқынды жүргізіліп жатыр. Курорт ішінде 11 бес жұлдызды қонақ үй салынады. Бурабайды туристік аймаққа айналдыру үшін жалпы көлемі 6 миллиард доллар инвестиция тартылмақ. Мұнда жылына 1 миллионға дейін демалушы келеді деп болжануда. Сәйкесінше, сала дамыса, 29 мың адам жұмыспен қамтылады.  Baq.kz

Шортанды көлінің жағалауы жоғары санаттағы демалыс аймағына айналады. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі Туризм индустрия комитеті төрағасының кеңесшісі Қайрат Сәдуәқасов мәлім етті, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Туризм индустриясы комитеті қолға алған жоспарға сәйкес, Бурабай демалушыларға жыл бойы қызмет көрсетіп, демалыстың кез келген түрімен қамти алатын әлемдік деңгейдегі шипажай болуы тиіс.
Сондай-ақ, "Риксос" қонақ үйінен бөлек, сауықтыру орталығы, бес жұлдызды бутик-отельдер, вилла мен таунхаустар және ұлттық нақыштағы шағын шатырлар салынады.
Жағалауда құрылыс жұмыстары қазірден қарқынды жүргізіліп жатыр. Курорт ішінде 11 бес жұлдызды қонақ үй салынады. Бурабайды туристік аймаққа айналдыру үшін жалпы көлемі 6 миллиард доллар инвестиция тартылмақ. Мұнда жылына 1 миллионға дейін демалушы келеді деп болжануда. Сәйкесінше, сала дамыса, 29 мың адам жұмыспен қамтылады. 

Baq.kz

Ұқсас материалдар