Қандастар Ассамблея

Оралда алғаш рет домбыра-party шарасы өткізілді

14.06.2013 1723
Орал қаласындағы Сырым Датұлы алаңында алғаш рет домбыра-party шарасы өткізілді. Гүлфайруз Уәлиахмет ұйымдастырған шараға өңірге танымал өнерпаздар қатысты. Олардың қатарында домбырашылар, облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов, Құрманғазы атындағы музыка колледжінің директоры Нұржан Сертеков, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарманың бас маманы Ермек Мұхамбетқалиев, әншілер Мұрат Аманшиев, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртісі Күләш Қуанышқалиева болды. Олар күй шертіп, ән салды. Д. Құсайыновтың айтуынша, бұл қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де тартымды болып шықты. Мұндай шара еліміздің өзге қалаларында да өткізіліп келеді екен. Енді домбыра-party әр аптаның бейсенбі күні кешкісін ұдайы өтіп тұрмақ. ҚазАқпарат.

Орал қаласындағы Сырым Датұлы алаңында алғаш рет домбыра-party шарасы өткізілді.

Гүлфайруз Уәлиахмет ұйымдастырған шараға өңірге танымал өнерпаздар қатысты. Олардың қатарында домбырашылар, облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов, Құрманғазы атындағы музыка колледжінің директоры Нұржан Сертеков, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарманың бас маманы Ермек Мұхамбетқалиев, әншілер Мұрат Аманшиев, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртісі Күләш Қуанышқалиева болды. Олар күй шертіп, ән салды.

Д. Құсайыновтың айтуынша, бұл қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де тартымды болып шықты. Мұндай шара еліміздің өзге қалаларында да өткізіліп келеді екен.

Енді домбыра-party әр аптаның бейсенбі күні кешкісін ұдайы өтіп тұрмақ.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар