Қандастар Ассамблея

Астанадағы бірден-бір тарихи, мәдени, рухани орталық

13.06.2013 2339
«С.Сейфуллин мұражайы» Қазақстан Үкіметінің шешімімен 1988 жылғы 20 ақпанда жеке отау тігіп, өз жұмысын бастады. Мұражай орналасқан үй ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағаш сәулет өнеріне жататын ғимарат-тарихи ескерткіш. Мұражайда Сәкеннің кіндік қаны тамған Қарашіліктен бастап, 1938 жылдың 25 ақпанында, ең соңғы ауыр жаза-үкімі орындалар алдында түсірілген фотосуреттеріне дейінгі көріністер кеңінен қамтылған. С.Сейфуллиннің қолжазбалары, қызмет бабындағы қатынас қағаздары мұражайдың аса құнды құжаттары қатарына жатады. Экспозиция жеті залда орналасқан: «Балалық және жастық шағы», «Мемлекеттік қызметі», «Педагогикалық қызметі», «Әдеби қызметі», «Ел есінде», «С.Сейфуллиннің кабинеті», Сәкен мен жанұясына тиесілі заттар бөлмесі мен Мәжіліс залы. Мұражай қорына Сәкенге қатысты заттар мен құжаттар жыл асқан сайын көбейіп, толығып келеді. Соның нәтижесінде бұл мұражай Астанамыздағы бірден-бір тарихи, мәдени, рухани орталыққа айналып отыр.

«С.Сейфуллин мұражайы» Қазақстан Үкіметінің шешімімен 1988 жылғы 20 ақпанда жеке отау тігіп, өз жұмысын бастады.

Мұражай орналасқан үй ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағаш сәулет өнеріне жататын ғимарат-тарихи ескерткіш.

Мұражайда Сәкеннің кіндік қаны тамған Қарашіліктен бастап, 1938 жылдың 25 ақпанында, ең соңғы ауыр жаза-үкімі орындалар алдында түсірілген фотосуреттеріне дейінгі көріністер кеңінен қамтылған. С.Сейфуллиннің қолжазбалары, қызмет бабындағы қатынас қағаздары мұражайдың аса құнды құжаттары қатарына жатады.

Экспозиция жеті залда орналасқан: «Балалық және жастық шағы», «Мемлекеттік қызметі», «Педагогикалық қызметі», «Әдеби қызметі», «Ел есінде», «С.Сейфуллиннің кабинеті», Сәкен мен жанұясына тиесілі заттар бөлмесі мен Мәжіліс залы.

Мұражай қорына Сәкенге қатысты заттар мен құжаттар жыл асқан сайын көбейіп, толығып келеді. Соның нәтижесінде бұл мұражай Астанамыздағы бірден-бір тарихи, мәдени, рухани орталыққа айналып отыр.

Ұқсас материалдар