Қандастар Ассамблея

Қытай тұрғыны бөгде планеталықтың мәйітін тоңазытқышқа салып сақтаған

11.06.2013 2315
Қытайдың Шаньдун провинциясының тұрғыны өз тоңазытқышында бөгде планеталықтың мәйітін сақтап отырғанын хабарлады. Дәлел ретінде Қытай әлеуметтік желілерінде мәйіттің суретін жариялаған, деп жазады Daily Mail.  Қытай азаматының айтуынша, биыл наурыз айында түнгі уақытта Хуанхэ өзені маңына НЛО құлайды. Жылдамдатып өзен маңына жеткенде оқиға орнынан ұшатын аппараттың сынықтары мен бөгде планеталықтың денесін табады. Мәйіт бүлінбеуі үшін үйіне апарып, тоңазытқышқа салып қояды. Шаньдун тұрғыны жариялаған ақпарат Интернет әлемін дүр сілкіндірді. Ғаламторды пайдаланушылардың көпшілігі бұл жайға иланса, енді бірі бей-жай қарады. Цзинань қаласының полицейлері суретте бейнеленген бөгде планеталық жоғары сапалы резіңкеден жасалған деп, ресми түрде жариялады. Алайда, блогерлер мен уфологтар бұл оқиғаны таяуда ғана Хубэй провинциясының көгінде көрінген ұшатын объектпен байланыстыруға тырысып отыр.  Baq.kz

Қытайдың Шаньдун провинциясының тұрғыны өз тоңазытқышында бөгде планеталықтың мәйітін сақтап отырғанын хабарлады. Дәлел ретінде Қытай әлеуметтік желілерінде мәйіттің суретін жариялаған, деп жазады Daily Mail. 

Қытай азаматының айтуынша, биыл наурыз айында түнгі уақытта Хуанхэ өзені маңына НЛО құлайды. Жылдамдатып өзен маңына жеткенде оқиға орнынан ұшатын аппараттың сынықтары мен бөгде планеталықтың денесін табады. Мәйіт бүлінбеуі үшін үйіне апарып, тоңазытқышқа салып қояды.
Шаньдун тұрғыны жариялаған ақпарат Интернет әлемін дүр сілкіндірді. Ғаламторды пайдаланушылардың көпшілігі бұл жайға иланса, енді бірі бей-жай қарады. Цзинань қаласының полицейлері суретте бейнеленген бөгде планеталық жоғары сапалы резіңкеден жасалған деп, ресми түрде жариялады.
Алайда, блогерлер мен уфологтар бұл оқиғаны таяуда ғана Хубэй провинциясының көгінде көрінген ұшатын объектпен байланыстыруға тырысып отыр. 

Baq.kz

Ұқсас материалдар