Қандастар Ассамблея

Бразилияда өтетін әлем чемпионатында меймандар Ислам дінімен етене таныспақ

10.06.2013 1833
Бразилияның мұсылмандар ұйымы 2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатын тамашалауға келетін миллиондаған қонақтарға исламның шынайы мән-мағынасы мен түпкілікті мақсатын жеткізуді көздеп отыр. «Мұсылмандар қауымдастығы Бразилияда Исламды таныстыру жөнінде комитет құруды жоспарлап отыр», – деп мәлімдеді осы елдегі имамдар жоғарғы кеңесінің президенті, шейх Халид Таки әд-Дин. Өткен аптада мұсылмандар ұйымының өкілдері кездесу өткізіп, чемпионат кезінде ислам жайлы ақиқатты тарату, таныстыру жолдарын талқылап, қарастырды. Негізінде мұндай ой Мұсылман жастардың бүкіләлемдік қауымдастығында айтылған болатын. Наурыз айында Исламға шақыру ұйымы асыл дініміз бойынша ағартушылық шараларға ерте бастан кірісе беруді жөн көріп отыр. Оның белсенділері ислам мен мұсылмандар жайлы ақпараттар қамтылған миллиондаған флаерді және қасиетті Құранның миллионға жуық данасын басып шығарып, таратуды жоспарлап отыр.  Baq.kz

Бразилияның мұсылмандар ұйымы 2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатын тамашалауға келетін миллиондаған қонақтарға исламның шынайы мән-мағынасы мен түпкілікті мақсатын жеткізуді көздеп отыр.

«Мұсылмандар қауымдастығы Бразилияда Исламды таныстыру жөнінде комитет құруды жоспарлап отыр», – деп мәлімдеді осы елдегі имамдар жоғарғы кеңесінің президенті, шейх Халид Таки әд-Дин.
Өткен аптада мұсылмандар ұйымының өкілдері кездесу өткізіп, чемпионат кезінде ислам жайлы ақиқатты тарату, таныстыру жолдарын талқылап, қарастырды. Негізінде мұндай ой Мұсылман жастардың бүкіләлемдік қауымдастығында айтылған болатын.
Наурыз айында Исламға шақыру ұйымы асыл дініміз бойынша ағартушылық шараларға ерте бастан кірісе беруді жөн көріп отыр. Оның белсенділері ислам мен мұсылмандар жайлы ақпараттар қамтылған миллиондаған флаерді және қасиетті Құранның миллионға жуық данасын басып шығарып, таратуды жоспарлап отыр. 

Baq.kz

Ұқсас материалдар