Елорда тұрғындарының саны 770 мыңнан асты

15.11.2012 1677
Елорда тұрғындарының саны 770 мыңнан асты. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айында елорда тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% артқан, деп хабарлайды BNews.kz. Астана тұрғындарының 397710 нәзік жандылар болса, ер-азаматтардың саны - 372713 болды. Бұл жалпы халықтың 51,62% және 48,38% құрайды. Елордада жасы 18-ден асқан азаматтардың үлесі басым, ересектер 574361 адам (74,55%), ал 14 жасқа дейінгі балалар саны 169639 (22%) құраған. Елорда тұрғындарының жартысына жуығы, «Алматы» ауданында тұрады, мұнда 365594 адам тіркеуге алынған. Ал «Сарыарқа» ауданында халықтың 39,5% тұрады. «Есіл» ауданында халықтың 13,1% тұрады. Бұл ақпарат Астана қалалық статистика департаментінің 2012 жылдың 1-ші қазанындағы мәліметі негізінде дайындалған.

Елорда тұрғындарының саны 770 мыңнан асты. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылдың 9 айында елорда тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% артқан, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана тұрғындарының 397710 нәзік жандылар болса, ер-азаматтардың саны - 372713 болды. Бұл жалпы халықтың 51,62% және 48,38% құрайды. Елордада жасы 18-ден асқан азаматтардың үлесі басым, ересектер 574361 адам (74,55%), ал 14 жасқа дейінгі балалар саны 169639 (22%) құраған.

Елорда тұрғындарының жартысына жуығы, «Алматы» ауданында тұрады, мұнда 365594 адам тіркеуге алынған. Ал «Сарыарқа» ауданында халықтың 39,5% тұрады. «Есіл» ауданында халықтың 13,1% тұрады.

Бұл ақпарат Астана қалалық статистика департаментінің 2012 жылдың 1-ші қазанындағы мәліметі негізінде дайындалған.

Ұқсас материалдар