Қандастар Ассамблея

Лукьяненколар әулеті

10.06.2013 2043
ТАРАЗ   Дәрігерлер әулеті - Лукьяненколар «тылсым құбылыс» жайында қалам тербейтін дәрігер тәрбиелеп шығарды «Түнгі» және «күндізгі» («Ночной Дозор», «Дневной Дозор» кітаптары – агенттік ескертп.) шолғыншылардың авторы  -  Сергей Лукьяненконың балалық шағы Жамбыл облысының Қаратау қаласында өтті. Мектепті Тараз қаласында бітірді (ол кезде Жамбыл қ.). Дүниежүзіне танымал фантаст жазушының ағайындары жұрттан ерекше әрі дәрігерлер болмағанда оның тағдыры басқаша болар ма еді, деп толғанады BNews.kz тілшісі. Лукьяненколар отбасы шетінен медицина мамандары. Дәрігерлер әулетінің басында Сергейдің әкесі Василий Тимофеевич тұр. Осы отбасының жұрттан ерекшелеп тұратын қасиеті - дәрігер Лукьяненколардың адам психологиясына қызығушылығы, тылсым және психотреапия екенін айта кету керек. Василий Тимофеевича Лукьяненконың Жамбылда нашақор мен маскүнемдерді гипнозбен емдейтін ерекше қасиетін көнекөздердің бәрі біледі. Жазушының әкесі жоғары лауазымдарда істеді, Таразда облыстық психодиспансерді басқарды, облыстық денсаулық сақтауда бөлім бастығының орынбасары болып қызмет етті. Осындай жауапты қызметтерде жүрсе де  нашақор мен маскүнемдерді дәрмексіз емдеудің әдістерін зерттеумен айналысты. Жұрт күні бүгінге дейін оның бір рет қана қарауымен ғана ішімдік құмарларды арақтан бас тартуға мәжбүр еткендігін аңыз қылып айтады. Ол өзінің ерекше білімін зейнеткерлікке шыққан соң ресейдің Ульяновск қаласында жеке психотерапевтикалық кабинет ашып сонда қолданды. Алайда Сергейдің әкесі мойындалмаған емдеу әдісін аса сақтықпен жүргізді. Сонда да ол немере ағайыны жазушы Юрий Владимировичке өзінің психотерапиялық жұмысын жасырмайтын. 80-нші жылдары «темір құрсау» алынған шақта одақта көптеген балгер, тәуіп, халық емшілері қаптап кетті. Бұл сынақшылардың заманы еді, теревизия парапсихологияны туралы талдауға есігін ашты. Кашпировский мен Чумак өз сеанстарын еркін өткізетін, тылсым тақырыбына арналған кітаптар да кең таралды. Сол жылдары украиналық дәрігер Довженко нашақорлар мен маскүнемдерді психотерапия көмегімен емдеуге болатындығын көрсетті. Оның бесінше шәкірті Юрий Владимирович Лукьяненко болатын. 1985 жылы ол Таразда Облысаралық психотерапевтикалық наркологиялық орталық ашып, онда нашақорлар мен маскүнемдерді емдей бастайды. 1988 жылы орталық облысаралық емес республикалық болып кеңейеді. Қаншама дағдарыстарға қарамастан Юрий Владимирович орталық жұмысын тоқтатпай күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер, Халықаралық кәсіби психотерапия академиясының дипломанты, психиатр-нарколог және жоғар санатты психотерапевт Юрий Владимирович Лукьяненко өзінің жазушы немере ағасы жөнінде және әулеттері жайында былай дейді. «Сергей – менің немере ағам. Оның туған інісі – Олег Лукьяненко. Ол Жамбылда көп жылдары кардиолог болып істеді, медицинадан кандидаттық диссертация қорғады, біз секілді психотерапиямен де айналысты.Ол тіпті бір кездері эриксондық гипнозды қолға алып, тәжірибе де жасап көрді. Олег –Лукьяненколар әулетінен бірінші болып Ульяновскіге аттанды. Оның соңынан әкесі, анасы да тарты, анасы фельдшер болатын», - дейді Юрий Лукьяненко. Сергейдің болашақ мамандығы ерте анықталды, өйткені ата-анасы баласының дәрігер болғанын қалады. Ол мектепті алтын медальмен бітіріп, Алматы медициналық институтына түседі. Жоғары мамандықты қызыл дипломмен бітіреді. Оқудан соң бір жыл писхотерапия бойынша ординатураны тәмамдайды. Бір қызығы осы кезде Сергей бұрын туыстары барып көрмеген Мәскеуге аттанып, сонда шығармашылық жұмысқа ден қояды. «Біз басында таңқалдық. Оның бұл шешімін естіген ата-анасы көмек көрсетуден бас тарты. Сергей өзіне сенімді еді, түрлі газеттер мен журналдарда ұдайы шығып жүрді, азын-аулақ қаламақысын алып жүрді. Оның жұбайы алматылық Соняда оның соңынан аттанды. Қазір Сергейде атақ жеткілікті. Аса беделді «Аэлита» сыйлығының иегері. Әлемдегі мықты фантаст жазушылар элитасының қатарында. Еуропала үздік фантаст екені мойындалды. Қазір оның 45 кітабы жарық көрді, шығармасының желісімен кино да түсірілді», - деп отыр Юрий Владимирович. Юрий Лукьяненконың ұлы да дәрігер. Ол да әкесінің Тараздағы орталығында жұмыс істейді. Белсенді паропсихология мен гипнозмен айналысады. Осындай еңбеккерлер әулеті ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жасампаздығының кепілі екені сөзсіз. Бұл жаһандық дағдарыс кезінде мемлекеттік тұрақты дамуы үшін қажет. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам»  мақаласында өз ісінің білгірі болған жандар жөнінде айтылған. Яғни, еліміздің әр тұрғыны еңбек адамына, өндірісшіге сөзсіз құрмет көрсетуі тиіс. «Тұтыну идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», деп көрсетілген мақалада.   Лукьяненколар әулеті  

ТАРАЗ

 

Дәрігерлер әулеті - Лукьяненколар «тылсым құбылыс» жайында қалам тербейтін дәрігер тәрбиелеп шығарды

«Түнгі» және «күндізгі» («Ночной Дозор», «Дневной Дозор» кітаптары – агенттік ескертп.) шолғыншылардың авторы  -  Сергей Лукьяненконың балалық шағы Жамбыл облысының Қаратау қаласында өтті. Мектепті Тараз қаласында бітірді (ол кезде Жамбыл қ.). Дүниежүзіне танымал фантаст жазушының ағайындары жұрттан ерекше әрі дәрігерлер болмағанда оның тағдыры басқаша болар ма еді, деп толғанады BNews.kz тілшісі.

Лукьяненколар отбасы шетінен медицина мамандары. Дәрігерлер әулетінің басында Сергейдің әкесі Василий Тимофеевич тұр.

Осы отбасының жұрттан ерекшелеп тұратын қасиеті - дәрігер Лукьяненколардың адам психологиясына қызығушылығы, тылсым және психотреапия екенін айта кету керек. Василий Тимофеевича Лукьяненконың Жамбылда нашақор мен маскүнемдерді гипнозбен емдейтін ерекше қасиетін көнекөздердің бәрі біледі. Жазушының әкесі жоғары лауазымдарда істеді, Таразда облыстық психодиспансерді басқарды, облыстық денсаулық сақтауда бөлім бастығының орынбасары болып қызмет етті. Осындай жауапты қызметтерде жүрсе де  нашақор мен маскүнемдерді дәрмексіз емдеудің әдістерін зерттеумен айналысты. Жұрт күні бүгінге дейін оның бір рет қана қарауымен ғана ішімдік құмарларды арақтан бас тартуға мәжбүр еткендігін аңыз қылып айтады. Ол өзінің ерекше білімін зейнеткерлікке шыққан соң ресейдің Ульяновск қаласында жеке психотерапевтикалық кабинет ашып сонда қолданды.

Алайда Сергейдің әкесі мойындалмаған емдеу әдісін аса сақтықпен жүргізді. Сонда да ол немере ағайыны жазушы Юрий Владимировичке өзінің психотерапиялық жұмысын жасырмайтын. 80-нші жылдары «темір құрсау» алынған шақта одақта көптеген балгер, тәуіп, халық емшілері қаптап кетті. Бұл сынақшылардың заманы еді, теревизия парапсихологияны туралы талдауға есігін ашты. Кашпировский мен Чумак өз сеанстарын еркін өткізетін, тылсым тақырыбына арналған кітаптар да кең таралды. Сол жылдары украиналық дәрігер Довженко нашақорлар мен маскүнемдерді психотерапия көмегімен емдеуге болатындығын көрсетті. Оның бесінше шәкірті Юрий Владимирович Лукьяненко болатын.

1985 жылы ол Таразда Облысаралық психотерапевтикалық наркологиялық орталық ашып, онда нашақорлар мен маскүнемдерді емдей бастайды. 1988 жылы орталық облысаралық емес республикалық болып кеңейеді. Қаншама дағдарыстарға қарамастан Юрий Владимирович орталық жұмысын тоқтатпай күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер, Халықаралық кәсіби психотерапия академиясының дипломанты, психиатр-нарколог және жоғар санатты психотерапевт Юрий Владимирович Лукьяненко өзінің жазушы немере ағасы жөнінде және әулеттері жайында былай дейді.

«Сергей – менің немере ағам. Оның туған інісі – Олег Лукьяненко. Ол Жамбылда көп жылдары кардиолог болып істеді, медицинадан кандидаттық диссертация қорғады, біз секілді психотерапиямен де айналысты.Ол тіпті бір кездері эриксондық гипнозды қолға алып, тәжірибе де жасап көрді. Олег –Лукьяненколар әулетінен бірінші болып Ульяновскіге аттанды. Оның соңынан әкесі, анасы да тарты, анасы фельдшер болатын», - дейді Юрий Лукьяненко.

Сергейдің болашақ мамандығы ерте анықталды, өйткені ата-анасы баласының дәрігер болғанын қалады. Ол мектепті алтын медальмен бітіріп, Алматы медициналық институтына түседі. Жоғары мамандықты қызыл дипломмен бітіреді. Оқудан соң бір жыл писхотерапия бойынша ординатураны тәмамдайды. Бір қызығы осы кезде Сергей бұрын туыстары барып көрмеген Мәскеуге аттанып, сонда шығармашылық жұмысқа ден қояды.

«Біз басында таңқалдық. Оның бұл шешімін естіген ата-анасы көмек көрсетуден бас тарты. Сергей өзіне сенімді еді, түрлі газеттер мен журналдарда ұдайы шығып жүрді, азын-аулақ қаламақысын алып жүрді. Оның жұбайы алматылық Соняда оның соңынан аттанды. Қазір Сергейде атақ жеткілікті. Аса беделді «Аэлита» сыйлығының иегері. Әлемдегі мықты фантаст жазушылар элитасының қатарында. Еуропала үздік фантаст екені мойындалды.

Қазір оның 45 кітабы жарық көрді, шығармасының желісімен кино да түсірілді», - деп отыр Юрий Владимирович.

Юрий Лукьяненконың ұлы да дәрігер. Ол да әкесінің Тараздағы орталығында жұмыс істейді. Белсенді паропсихология мен гипнозмен айналысады.

Осындай еңбеккерлер әулеті ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жасампаздығының кепілі екені сөзсіз. Бұл жаһандық дағдарыс кезінде мемлекеттік тұрақты дамуы үшін қажет. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам»  мақаласында өз ісінің білгірі болған жандар жөнінде айтылған. Яғни, еліміздің әр тұрғыны еңбек адамына, өндірісшіге сөзсіз құрмет көрсетуі тиіс. «Тұтыну идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», деп көрсетілген мақалада.

 

Лукьяненколар әулеті