Қандастар Ассамблея

Айбике Ана. Айбике Ару. Айғаным

10.06.2013 6736
Айбике Ана Орта жүз арғын, оның ішінде Қаракесек руынан өрбіген аталардың бірі − Шаншар. Сол Шаншардың үш әйелінің бірі − Айбикеден өрбіген ұрпақты, аналарының есімін қосып, «Айбике-Шаншар» деп те атайды. Айбике Есім ханның тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қыздарының бірі болса керек. Шежіре дерегінде Айбикеден − Жәнібек, Келдібек, Тінібек, Әсірбек туады. Осылардың Келдібегінен Қазақтың әйгілі Қаз дауысты Қазыбек биі туған. Осылайша Қаз дауысты Қазыбек бидің тегі "Айбике-Шаншар" болады. Айбике Ару Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте "қолға түскен күң" түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілегі жаудың күші мен қару-жарағы, олардың орналдасқан жері мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға және басқа да қолбасшыларға астыртын құпия хабарлар мен құнды ақпараттар жеткізіп тұрған. Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін өте жетік білген. Және Тарбағатай мен Алтай тауларының өңірінде, Зайсан мен Марқакөл алабында күндіз де, түнде де тұманды, боранды күндері адаспай-ақ жол тауып, көзге көп түспей жалғыз жүре беретін болған "жер шолғыштығымен" де аты шыққан. Кейін Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1958 жылдары ата мекеніне оралған. Айғаным Айғаным Сарғалдаққызы, Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли сұлтанның кіші әйелі. Патша үкіметі Қазақ еліндегі хандық билікті жойғасын, Уәлиханның барлық мұрасы балалары арасында бөліске түскенде, "Хан Ордасының қызыл ағашы" - Үлкен ұлы Ғұбайдолла ұрпақтарына, ал Сырымбет кіші әйелі - Айғанымнан туған балалардың иелігіне қалады. Уәлихан қаза болғанда Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болған. Ал Ғұбайдолла ұзақ жылдар бойы айдауда жүріп қайтыс болады. Соның салдарынан Уәли әулетінде ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерген. Петербордағы Сібір комитетімен, Ресей патшалығының сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен дипломатиялық хат жазысып тұрды. Сібір Қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, солтүстік Қазақстан өңіріндегі көптеген мәселелердің шешілуіне оның оң ықпалы тиген. Айғанымның жергілікті хаолық арасындағы ерекше абырой-беделін көрген Патша үкіметі Қазақтарға қатысты мәселелерді шешу ісінде ол кісімен ақылдасып отырған. Бұл хаттар Ресей архивтерінде қазірге дейін сақталған. Александр І патша арнайы бұйрықпен Айғанымның өтініші бойынша Сырымбетте қыстау салдырып беруген. Қыстау сыртынан қоршалған, ал қыстаудың ішінде үлкен үйі, мешіті және қонақ үйі, және үлкен бес бөлмелі бала оқытатын меткеп үйі, монша, диірмен, керме және сарайы т.б. болған. Батыс Сібірді тексеруге келген В.Безродный және Б.Куракидермен кездесіп, оларға халықтьың мұң мұқтажы туралы жащылған хатты табыс еткен. 12 жасына келгенде Шоқанды да, оның шешесі Зейнептің қарсы болғанына қарамастан, Омбы қаласына оқуға жіберген. Айғаным әжесі Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, қоғам қайраткері болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен адам.

Айбике Ана

Орта жүз арғын, оның ішінде Қаракесек руынан өрбіген аталардың бірі − Шаншар. Сол Шаншардың үш әйелінің бірі − Айбикеден өрбіген ұрпақты, аналарының есімін қосып, «Айбике-Шаншар» деп те атайды. Айбике Есім ханның тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қыздарының бірі болса керек. Шежіре дерегінде Айбикеден − Жәнібек, Келдібек, Тінібек, Әсірбек туады. Осылардың Келдібегінен Қазақтың әйгілі Қаз дауысты Қазыбек биі туған. Осылайша Қаз дауысты Қазыбек бидің тегі "Айбике-Шаншар" болады.

Айбике Ару

Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте "қолға түскен күң" түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілегі жаудың күші мен қару-жарағы, олардың орналдасқан жері мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға және басқа да қолбасшыларға астыртын құпия хабарлар мен құнды ақпараттар жеткізіп тұрған.

Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін өте жетік білген. Және Тарбағатай мен Алтай тауларының өңірінде, Зайсан мен Марқакөл алабында күндіз де, түнде де тұманды, боранды күндері адаспай-ақ жол тауып, көзге көп түспей жалғыз жүре беретін болған "жер шолғыштығымен" де аты шыққан. Кейін Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1958 жылдары ата мекеніне оралған.

Айғаным

Айғаным Сарғалдаққызы, Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли сұлтанның кіші әйелі. Патша үкіметі Қазақ еліндегі хандық билікті жойғасын, Уәлиханның барлық мұрасы балалары арасында бөліске түскенде, "Хан Ордасының қызыл ағашы" - Үлкен ұлы Ғұбайдолла ұрпақтарына, ал Сырымбет кіші әйелі - Айғанымнан туған балалардың иелігіне қалады.

Уәлихан қаза болғанда Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болған. Ал Ғұбайдолла ұзақ жылдар бойы айдауда жүріп қайтыс болады. Соның салдарынан Уәли әулетінде ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерген. Петербордағы Сібір комитетімен, Ресей патшалығының сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен дипломатиялық хат жазысып тұрды.

Сібір Қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, солтүстік Қазақстан өңіріндегі көптеген мәселелердің шешілуіне оның оң ықпалы тиген. Айғанымның жергілікті хаолық арасындағы ерекше абырой-беделін көрген Патша үкіметі Қазақтарға қатысты мәселелерді шешу ісінде ол кісімен ақылдасып отырған. Бұл хаттар Ресей архивтерінде қазірге дейін сақталған.

Александр І патша арнайы бұйрықпен Айғанымның өтініші бойынша Сырымбетте қыстау салдырып беруген. Қыстау сыртынан қоршалған, ал қыстаудың ішінде үлкен үйі, мешіті және қонақ үйі, және үлкен бес бөлмелі бала оқытатын меткеп үйі, монша, диірмен, керме және сарайы т.б. болған. Батыс Сібірді тексеруге келген В.Безродный және Б.Куракидермен кездесіп, оларға халықтьың мұң мұқтажы туралы жащылған хатты табыс еткен.

12 жасына келгенде Шоқанды да, оның шешесі Зейнептің қарсы болғанына қарамастан, Омбы қаласына оқуға жіберген. Айғаным әжесі Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, қоғам қайраткері болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен адам.

Ұқсас материалдар