Қандастар Ассамблея

«Шуақты қала» мерекесінде Астана тұрғындарына жаңа қауіпсіз аттракциондар ұсынылады

08.06.2013 2234
Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» халықтық серуені өтеді. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына дайындық комитетінің медиатобы хабарлады. Мереке күндері Астананың мәдени өмірі заманауи өнер суретшілері жұмыстарының көрмесі, пленэр бойынша шеберлік дәрістері, портреттер, суреттер, боди-арту және графитти өнерімен жандана түспек. Сонымен қатар, «Шуақты қала» мерекесінде қолданбалы өнердің шеберлері де өз жұмыстарын жиналғандардың назарына ұсынады.  Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындары: балалар төбешіктері, «Шытырман», « құзар шың»,  «тайғанақ футбол», «гладиаторлық шайқастар» және басқа да түрлі аттракциондардың қызығына батады.  Бұл жерде өзге де жаңадан аттракциондар әкелінеді деп жоспарлануда. Олар: «Segway»-екі дөңгелекті өзі жылжитын самокат және «Up-Wing»- қарғуды күшейтетін аяққа арналған арнайы бекіткіш.  Еске салайық, мерекелік серуен елорда аспанындағы  ерекше отшашумен аяқталады. http://astana.kz

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» халықтық серуені өтеді. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына дайындық комитетінің медиатобы хабарлады.

Мереке күндері Астананың мәдени өмірі заманауи өнер суретшілері жұмыстарының көрмесі, пленэр бойынша шеберлік дәрістері, портреттер, суреттер, боди-арту және графитти өнерімен жандана түспек. Сонымен қатар, «Шуақты қала» мерекесінде қолданбалы өнердің шеберлері де өз жұмыстарын жиналғандардың назарына ұсынады. 

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындары: балалар төбешіктері, «Шытырман», « құзар шың»,  «тайғанақ футбол», «гладиаторлық шайқастар» және басқа да түрлі аттракциондардың қызығына батады. 

Бұл жерде өзге де жаңадан аттракциондар әкелінеді деп жоспарлануда. Олар: «Segway»-екі дөңгелекті өзі жылжитын самокат және «Up-Wing»- қарғуды күшейтетін аяққа арналған арнайы бекіткіш. 

Еске салайық, мерекелік серуен елорда аспанындағы  ерекше отшашумен аяқталады.

http://astana.kz

Ұқсас материалдар