Қандастар Ассамблея

Алматылық азамат сіріңке талынан домбыра жасады (ВИДЕО)

07.06.2013 2572
53 жастағы алматылық Марат Дүйсенбаев қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны сіріңке талынан жасап шығарды. Жас жігіттің сіріңке талынан гитара жасап шыққанын теледидардан көрген автор көп ұзамай домбыра жасауды қолға алған. - Украиндық жігіттің гитарасы ешбір дыбыс шығара алмаған. Ол тек декторативті аспап ретінде ғана жасады. Ал мен домбыраны күй тарта алатындай етіп істедім, - дейді ол. Бір атап өтерлігі Марат Дүйсенбаев музыкант емес. Сондықтан да ол аспапты дұрыс дайындау үшін, кәсіби маманның көмегіне жүгінген. «Мен өзіме таныс шеберден домбыраны қалай жасау керектігін сұрадым. Алайда, оған өз ойым мен мақсатым жайлы тіс жармадым. Кейіннен өз қолыммен істеген ұлттық аспабымды көрсеткенімде ол таңдай қақты. Дегенмен, мұның дыбыс шығару мүмкіндігі жайлы қандай да пікір айта алмаймын. Ал дыбысты ажырата алатын жандар сіріңке талынан құралған домбыраның дыбысын жақсы деп бағалауда» - дейді автор. Аспапты ойдағыдай етіп шығару үшін 13 қорап немесе 9 мыңға жуық сіріңке сіріңке талы жұмсалыпты. Бүгінде ми қыртысының қатерлі ісігі диагнозы қойылғанына 20 жылға жуықтаған азаматтың бар айтары: «Мен секілді мүгедектікке тап болған жандарға үлгі көрсетіп, оларды жігерлендіру мақсатында жүзеге асырған бір ғана жобам еді бұл. Егер денсаулығым сыр бермей, мүмкіндігім болып жатса, болашақта қобыз жасағым келеді» деп ағынан жарылған азаматтың домбырасын жас музыкант Нұрбек Отаровтың орындауындағы күй тартылған бейнені назарларыңызға ұсынамыз. BAQ.kz

53 жастағы алматылық Марат Дүйсенбаев қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны сіріңке талынан жасап шығарды.

Жас жігіттің сіріңке талынан гитара жасап шыққанын теледидардан көрген автор көп ұзамай домбыра жасауды қолға алған.

- Украиндық жігіттің гитарасы ешбір дыбыс шығара алмаған. Ол тек декторативті аспап ретінде ғана жасады. Ал мен домбыраны күй тарта алатындай етіп істедім, - дейді ол.
Бір атап өтерлігі Марат Дүйсенбаев музыкант емес. Сондықтан да ол аспапты дұрыс дайындау үшін, кәсіби маманның көмегіне жүгінген. «Мен өзіме таныс шеберден домбыраны қалай жасау керектігін сұрадым. Алайда, оған өз ойым мен мақсатым жайлы тіс жармадым. Кейіннен өз қолыммен істеген ұлттық аспабымды көрсеткенімде ол таңдай қақты. Дегенмен, мұның дыбыс шығару мүмкіндігі жайлы қандай да пікір айта алмаймын. Ал дыбысты ажырата алатын жандар сіріңке талынан құралған домбыраның дыбысын жақсы деп бағалауда» - дейді автор.

Аспапты ойдағыдай етіп шығару үшін 13 қорап немесе 9 мыңға жуық сіріңке сіріңке талы жұмсалыпты. Бүгінде ми қыртысының қатерлі ісігі диагнозы қойылғанына 20 жылға жуықтаған азаматтың бар айтары: «Мен секілді мүгедектікке тап болған жандарға үлгі көрсетіп, оларды жігерлендіру мақсатында жүзеге асырған бір ғана жобам еді бұл. Егер денсаулығым сыр бермей, мүмкіндігім болып жатса, болашақта қобыз жасағым келеді» деп ағынан жарылған азаматтың домбырасын жас музыкант Нұрбек Отаровтың орындауындағы күй тартылған бейнені назарларыңызға ұсынамыз.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар