Қандастар Ассамблея

Еуропалық ЖОО-ға түсу жеңілдейді

07.06.2013 2302
Еліміздің орта мектептеріне 12 жылдық білім беруді толық енгізгеннен кейін қазақстандық түлектер еуропалық ЖОО-ға тікелей қабылдануға мүмкіндік алады. Қазақстан аттестаттарын бүгінде еуропалық ЖОО-лар «жартылай мойындайды». Өйткені, Лиссабон конвенциясына сәйкес, Еуропа үшін он екі жылдық білім стандарт болып табылады. Дегенмен, бүгінде жас қазақстандықтар Франция, Германия, Италия және басқа да Еуроодақ мемлекеттерінің ЖОО-ларына міндетті қосымша емтихандарын тапсырып түсе алады.  Орта білім беруді ұзарту - әлемдік тренд. Бүгінде он екі жылдық орта білім әлемнің 216 мемлекетінде, оның ішінде Австралия, Германия, Канада, АҚШ, Финляндия, Франция, Жапония сынды бәскеге қабілетті елдерде жүзеге асырылуда. Бұйыртса, білім беру жүйесіне жаңғырту жүргізгеннен кейін біздің түлектер де жетістігі мен қабілетіне қарай Еуропаның кез келген университетіне тікелей қабылданатын болады. Есболғанқызы Гүлжамал http://nurastana.kz

Еліміздің орта мектептеріне 12 жылдық білім беруді толық енгізгеннен кейін қазақстандық түлектер еуропалық ЖОО-ға тікелей қабылдануға мүмкіндік алады.

Қазақстан аттестаттарын бүгінде еуропалық ЖОО-лар «жартылай мойындайды». Өйткені, Лиссабон конвенциясына сәйкес, Еуропа үшін он екі жылдық білім стандарт болып табылады. Дегенмен, бүгінде жас қазақстандықтар Франция, Германия, Италия және басқа да Еуроодақ мемлекеттерінің ЖОО-ларына міндетті қосымша емтихандарын тапсырып түсе алады. 

Орта білім беруді ұзарту - әлемдік тренд. Бүгінде он екі жылдық орта білім әлемнің 216 мемлекетінде, оның ішінде Австралия, Германия, Канада, АҚШ, Финляндия, Франция, Жапония сынды бәскеге қабілетті елдерде жүзеге асырылуда. Бұйыртса, білім беру жүйесіне жаңғырту жүргізгеннен кейін біздің түлектер де жетістігі мен қабілетіне қарай Еуропаның кез келген университетіне тікелей қабылданатын болады.

Есболғанқызы Гүлжамал

http://nurastana.kz

Ұқсас материалдар