Қандастар Ассамблея

ЕДІГЕ БАТЫРДЫҢ ТУҒАНЫНА 561 ЖЫЛ

07.06.2013 2552
Тарихи шежіреде 7 маусым атаулы күндердің бірі. Дәл осы күні 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкент жерінде Ноғай Ордасының билеушісі Едіге батыр дүниеге келді.   Ақ Орда әскерінің қолбасшысының отбасында дүниеге келген Едіге батырдың туған уақыты Алтын Орданың ықпалының әлсіреуімен тұспа-тұс келген болатын. Алтын Орданың билігі Тоқтамыс ханның қолына өткен кезде немере інісі Құтлықпен бірге Әмір Темірге барып қосылады. 1391 жылы Тоқтамыс ханды жеңіп, Еділ мен Жайық арасына билігін жүргізді. Осы аралықта Ноғай Ордасының негізін қалады. 1399 жылы Ворскле өзені бойында Литва князі Витов пен княздікті паналап жүрген Тоқтамыстың әскерін талқандады. 1409 жылы Батыс Сібірді бой тасалаған Тоқтамысты қолға түсіріп, өлтіреді. Дәл осы жылы Хорезмге шабуыл жасап, жерлерін басып алды. 1408-1409 жылдары Руське шабуыл жасап, Мәскеу княздігін өзіне салық төлеуге мәжбүрледі. Үнемі ат үстінде шайқастармен ғұмырын өткізген Едіге 1419 жылы Сарайшық қаласының түбінде Тоқтамыстың баласы Қадырбердінің қолынан қаза тапты BAQ.kz

Тарихи шежіреде 7 маусым атаулы күндердің бірі. Дәл осы күні 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкент жерінде Ноғай Ордасының билеушісі Едіге батыр дүниеге келді.  

Ақ Орда әскерінің қолбасшысының отбасында дүниеге келген Едіге батырдың туған уақыты Алтын Орданың ықпалының әлсіреуімен тұспа-тұс келген болатын. Алтын Орданың билігі Тоқтамыс ханның қолына өткен кезде немере інісі Құтлықпен бірге Әмір Темірге барып қосылады. 1391 жылы Тоқтамыс ханды жеңіп, Еділ мен Жайық арасына билігін жүргізді. Осы аралықта Ноғай Ордасының негізін қалады. 1399 жылы Ворскле өзені бойында Литва князі Витов пен княздікті паналап жүрген Тоқтамыстың әскерін талқандады. 1409 жылы Батыс Сібірді бой тасалаған Тоқтамысты қолға түсіріп, өлтіреді. Дәл осы жылы Хорезмге шабуыл жасап, жерлерін басып алды. 1408-1409 жылдары Руське шабуыл жасап, Мәскеу княздігін өзіне салық төлеуге мәжбүрледі. Үнемі ат үстінде шайқастармен ғұмырын өткізген Едіге 1419 жылы Сарайшық қаласының түбінде Тоқтамыстың баласы Қадырбердінің қолынан қаза тапты

BAQ.kz

Ұқсас материалдар