Қандастар Ассамблея

Шороховтар әулеті

06.06.2013 2635
АЛМАТЫ                                                                                                               Жалпы еңбек өтілі 65 жыл Өнер жолындағы шығармашылық адамдары – мүсінші Павел Иванович Шорохов пен оның дарынды ұлы – суретші Дмитрийдің таңы шеберхананы кезекті жұмыс күніне әзірлеумен басталады. Шороховтар отбасының өнер жолындағы еңбек өтілі шамамен 65 жылға тең екен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Павел Иванович 1946 жылы Латвияда туған. 1957 жылы Алматыға көшіп келіп, сол уақыттан бері Қазақстанның саябақтары мен орталықтарының көркін келтіру үшін тынбай еңбек етуде. Мүсіншінің жұмыстары санқырлы – шағын мүсіннен биіктігі 5 метрге жететін ескерткіштерге дейін. Әрбір туындысы жайында әңгімелеген Павел Иванович олардың шығуына қандай жайттар себеп болғанын күлімдеп еске алады. Оның қолынан туған туындылар ерекше – олардың көзқарастары шексіз тереңдікке толы және ешқайсысы бірін-бірі қайталамайды. Ағаш, шамот, қыш, мыс, қола, алюминий, гранит, мәрмәр, габбро – мүсінші күн сайын шабыттана еңбектенетін материалдардың қысқаша тізімі, міне, осындай. Кез келген өнер түріндей, місіншілік қашау техникасында аса үлкен төзімділік пен байыптылықты талап етеді. Өз ғұмырының басым бөлігін туған өлкесі – Қазақстанның сымбатты келбеті үшін сарп еткен өнер иесімен әңгіме өрбіте отырып, оның қолынан туған әрбір мүсінді көргенде сұлулығына, мәні мен мағынасына, жасырған сырына қарап, қайран қаласың. Осы тұрғыда мүсін жасаудың өзіндік технологиясы болатынын атап өткен жөн. Павел Иванович, ойына түскен идеяны жүзеге асырмас бұрын, оның шағын үлгісін балшықтан немесе пластилиннен жасап алатын көрінеді. Соңыра оған сәйкес келетін материалды таңдай отырып, шағын мүсіннің көлемін қажетті деңгейге дейін жеткізеді. Павел Шороховтың саябақтағы алғашқы жұмысы 1978 жылы «Балалық шақ» атауымен пайда болды. Ал екі жыл өтісімен ол Сәлижан Шәріповке арналған ескерткішті жасап шықты. Одан кейінгі он жылдықтарда ірі мегаполистің көшелерінде «Ойын үстіндегі балалар», ал «Арбатта» «Қоқықаз» бен «Лотостар» бой көтерді. Цирк маңында – «Акробат қыз», «Қабылан» мен «Сайқымазақ». Ал елорда тұрғындары үшін ол «ҚазМұнаГаз» ҰК АҚ ғимаратына қарсы тұрған көпір үстіндегі қыздың мүсінін дүниеге әкелді. Оның негізінде, идея авторының айтуынша, кішкентай қызының образы жатыр. Бұл образды оның басқа да жұмыстарынан аңғаруға болады. Ұлы Дмитрийдің де өнер жолын таңдауына әкесі ықпал еткен екен. Кіші-Шороховтың өзі мойындағандай, бала кезінде, ол енді ғана қолына қылқалам алып, сурет салуға деген. Ол 1997 жылы бакалавр деңгейі бойынша үздік диплом алған (Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультеті). 2004 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығармашылық-графикалық факультетінде «бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша келесі дипломын да үздік қорғап шықты. 2000 жылдан бастап ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті. 2003 жылдан бастап ҚР Суретшілер одағының мүшесі.Ол қалалық және республикалық деңгейдегі 20-дан астам көрмеге қатысты. 2004 жылы екі жеке көрмесін ұйымдастырған («Арт-Нават» галереясы). Көк-Төбедегі көктемгі пленэр қатысушысы. Оның жұмыстары Қазақстан мен шет мемлекеттердің жеке шығармашылық жиынтықтарына енді. Қазір қылқалам шеберінің жеке қорында шамамен 400 картина бар және ол бұл жетістігімен тоқтап қалмай, өз Отанының құрметі үшін қызу жұмысын одан әрі жалғастырмақ ниетте. Осы тұрғыда мақаламызға арқау болған қос кейпікер Қазақстанның Суретшілер одағына мүше екенін айта кеткен жөн.   Саяжан ҚАУКЕНОВА   Шороховтар әулеті (фото)  

АЛМАТЫ                                                                                                               Жалпы еңбек өтілі 65 жыл

Өнер жолындағы шығармашылық адамдары – мүсінші Павел Иванович Шорохов пен оның дарынды ұлы – суретші Дмитрийдің таңы шеберхананы кезекті жұмыс күніне әзірлеумен басталады. Шороховтар отбасының өнер жолындағы еңбек өтілі шамамен 65 жылға тең екен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Павел Иванович 1946 жылы Латвияда туған. 1957 жылы Алматыға көшіп келіп, сол уақыттан бері Қазақстанның саябақтары мен орталықтарының көркін келтіру үшін тынбай еңбек етуде. Мүсіншінің жұмыстары санқырлы – шағын мүсіннен биіктігі 5 метрге жететін ескерткіштерге дейін. Әрбір туындысы жайында әңгімелеген Павел Иванович олардың шығуына қандай жайттар себеп болғанын күлімдеп еске алады. Оның қолынан туған туындылар ерекше – олардың көзқарастары шексіз тереңдікке толы және ешқайсысы бірін-бірі қайталамайды.

Ағаш, шамот, қыш, мыс, қола, алюминий, гранит, мәрмәр, габбро – мүсінші күн сайын шабыттана еңбектенетін материалдардың қысқаша тізімі, міне, осындай.

Кез келген өнер түріндей, місіншілік қашау техникасында аса үлкен төзімділік пен байыптылықты талап етеді. Өз ғұмырының басым бөлігін туған өлкесі – Қазақстанның сымбатты келбеті үшін сарп еткен өнер иесімен әңгіме өрбіте отырып, оның қолынан туған әрбір мүсінді көргенде сұлулығына, мәні мен мағынасына, жасырған сырына қарап, қайран қаласың. Осы тұрғыда мүсін жасаудың өзіндік технологиясы болатынын атап өткен жөн. Павел Иванович, ойына түскен идеяны жүзеге асырмас бұрын, оның шағын үлгісін балшықтан немесе пластилиннен жасап алатын көрінеді. Соңыра оған сәйкес келетін материалды таңдай отырып, шағын мүсіннің көлемін қажетті деңгейге дейін жеткізеді.

Павел Шороховтың саябақтағы алғашқы жұмысы 1978 жылы «Балалық шақ» атауымен пайда болды. Ал екі жыл өтісімен ол Сәлижан Шәріповке арналған ескерткішті жасап шықты. Одан кейінгі он жылдықтарда ірі мегаполистің көшелерінде «Ойын үстіндегі балалар», ал «Арбатта» «Қоқықаз» бен «Лотостар» бой көтерді. Цирк маңында – «Акробат қыз», «Қабылан» мен «Сайқымазақ».

Ал елорда тұрғындары үшін ол «ҚазМұнаГаз» ҰК АҚ ғимаратына қарсы тұрған көпір үстіндегі қыздың мүсінін дүниеге әкелді. Оның негізінде, идея авторының айтуынша, кішкентай қызының образы жатыр. Бұл образды оның басқа да жұмыстарынан аңғаруға болады.

Ұлы Дмитрийдің де өнер жолын таңдауына әкесі ықпал еткен екен. Кіші-Шороховтың өзі мойындағандай, бала кезінде, ол енді ғана қолына қылқалам алып, сурет салуға деген. Ол 1997 жылы бакалавр деңгейі бойынша үздік диплом алған (Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультеті). 2004 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығармашылық-графикалық факультетінде «бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша келесі дипломын да үздік қорғап шықты. 2000 жылдан бастап ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті. 2003 жылдан бастап ҚР Суретшілер одағының мүшесі.Ол қалалық және республикалық деңгейдегі 20-дан астам көрмеге қатысты. 2004 жылы екі жеке көрмесін ұйымдастырған («Арт-Нават» галереясы). Көк-Төбедегі көктемгі пленэр қатысушысы. Оның жұмыстары Қазақстан мен шет мемлекеттердің жеке шығармашылық жиынтықтарына енді.

Қазір қылқалам шеберінің жеке қорында шамамен 400 картина бар және ол бұл жетістігімен тоқтап қалмай, өз Отанының құрметі үшін қызу жұмысын одан әрі жалғастырмақ ниетте. Осы тұрғыда мақаламызға арқау болған қос кейпікер Қазақстанның Суретшілер одағына мүше екенін айта кеткен жөн.  

Саяжан ҚАУКЕНОВА

 

Шороховтар әулеті (фото)