Қандастар Ассамблея

Тарихшы ғалымдар Қазақстанда антрополог мамандардың азаюына алаңдаулы

06.06.2013 2278
Қазақстанда көптен бері антрополог мамандарды даярлау жұмысы жүргізілмейді. Бұл туралы кеше Астанада өткен Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында (Жалпыұлттық кеңес) Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, профессор Хангелді Әбжанов осылай мәлім етті. «Ондай мамандар болмаса, біз ежелгі заман кейіпкерлерінің антропологиялық келбетін қалай жасаймыз? Қазіргі кезде тарих саласы бойынша антропологтарды оқыту жүйесі биология немесе медицинаның білім беру бағдарламаларымен тығыз байланысты болып тұр. Бакалавр білімі бар ондай антропологтар тарих факультеттерінің магистратурасына қабылданбайды. Себебі оқуға қабылдау ережелеріне қайшы. Соның салдарынан тарих ғылымының аса маңызды саласы - Қазақстандағы антропология жойылып барады», - дейді Х.Әбжанов.   Айта кетейік, бүгінде кәсіби антропологтардың жоқтығы салдарынан кезінде Алтын орданың мәдени орталығы болған Сарайшық сияқты ежелгі шаһар толығымен зерттелмей қалды. Ол жерде адам қаңқалары шашылып жатыр. Балалар емін-еркін ойнап, тарихи жәдігерлерді келіп-кетіп жүрген туристерге тиын-тебенге айырбастауда.  Жайықтың бойында орналасқан Сарайшықты өзен суы шайып барады. ҚазАқпарат.

Қазақстанда көптен бері антрополог мамандарды даярлау жұмысы жүргізілмейді.

Бұл туралы кеше Астанада өткен Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында (Жалпыұлттық кеңес) Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, профессор Хангелді Әбжанов осылай мәлім етті.

«Ондай мамандар болмаса, біз ежелгі заман кейіпкерлерінің антропологиялық келбетін қалай жасаймыз? Қазіргі кезде тарих саласы бойынша антропологтарды оқыту жүйесі биология немесе медицинаның білім беру бағдарламаларымен тығыз байланысты болып тұр. Бакалавр білімі бар ондай антропологтар тарих факультеттерінің магистратурасына қабылданбайды. Себебі оқуға қабылдау ережелеріне қайшы. Соның салдарынан тарих ғылымының аса маңызды саласы - Қазақстандағы антропология жойылып барады», - дейді Х.Әбжанов.  

Айта кетейік, бүгінде кәсіби антропологтардың жоқтығы салдарынан кезінде Алтын орданың мәдени орталығы болған Сарайшық сияқты ежелгі шаһар толығымен зерттелмей қалды. Ол жерде адам қаңқалары шашылып жатыр. Балалар емін-еркін ойнап, тарихи жәдігерлерді келіп-кетіп жүрген туристерге тиын-тебенге айырбастауда.  Жайықтың бойында орналасқан Сарайшықты өзен суы шайып барады.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар