Қандастар Ассамблея

84 жастағы әжей лотореяның джекпотын ұтты

06.06.2013 1595
АҚШ-тың Флорида штатында 84 жастағы қария ел тарихындағы ең ірі джекпотты жеңіп алды.  Powerball лотореясының билетін Глория Маккензиге 590 миллион доллар жеңіс алып келді. Журналистерге сұхбат беруден бас тартқан әжей аталған билетті небәрі 2 долларға Тампа қаласындағы супермаркеттердің бірінен сатып алғандығын айтты. Дегенмен, жеңіп алған 590 миллион доллардың салықтарын санамағанда тек 370 миллионы ғана қарияның қолына тиеді. Өйткені, жеңімпаз ұтқан ақшасын бөліп емес, дереу шығарып алуды мақұл көріпті. Егер ұтыс қорының барлығын аламын десе, Глория әжей отыз жыл бойына 590 миллионды бөлшектеп алуы тиіс болатын.  Baq.kz

АҚШ-тың Флорида штатында 84 жастағы қария ел тарихындағы ең ірі джекпотты жеңіп алды. 

Powerball лотореясының билетін Глория Маккензиге 590 миллион доллар жеңіс алып келді. Журналистерге сұхбат беруден бас тартқан әжей аталған билетті небәрі 2 долларға Тампа қаласындағы супермаркеттердің бірінен сатып алғандығын айтты. Дегенмен, жеңіп алған 590 миллион доллардың салықтарын санамағанда тек 370 миллионы ғана қарияның қолына тиеді. Өйткені, жеңімпаз ұтқан ақшасын бөліп емес, дереу шығарып алуды мақұл көріпті. Егер ұтыс қорының барлығын аламын десе, Глория әжей отыз жыл бойына 590 миллионды бөлшектеп алуы тиіс болатын. 

Baq.kz

Ұқсас материалдар