Қандастар Ассамблея

Мемлекет басшысы тарихи зерттеулердің жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

05.06.2013 2002
Мемлекет басшысы «Тарих толқынындағы халық» атты арнайы тарихи зерттеулердің бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасы кездейсоқ айтылған бастама емес. Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлыңғыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы», - деді Марат Тәжин.  «Тәуелсіздік алғанымызға 5 жыл толған кезден бастап-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «кейде драматикалық, кейде қайырымды...бірақ үнемі Азаттыққа талпынған» еліміздің тарихына қатысты өз көзқарасын айтқан болатын", - деп толықтырды Тәжин.  

Мемлекет басшысы «Тарих толқынындағы халық» атты арнайы тарихи зерттеулердің бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасы кездейсоқ айтылған бастама емес. Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлыңғыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы», - деді Марат Тәжин. 
«Тәуелсіздік алғанымызға 5 жыл толған кезден бастап-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «кейде драматикалық, кейде қайырымды...бірақ үнемі Азаттыққа талпынған» еліміздің тарихына қатысты өз көзқарасын айтқан болатын", - деп толықтырды Тәжин.

 

Ұқсас материалдар