Қандастар Ассамблея

Дәулетияровтар әулеті

05.06.2013 2589
ОРАЛ                                                                                                                 Жалпы еңбек өтілі 100 жыл Дәулетияровтар әулетінің оралдық «Зенит» зауытында өткен жалпы жұмыс өтілі 100 жылдан асады. Қазір аталған кәсіпорында осынау отбасының төрт бірдей мүшесі еңбектеніп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Тату отбасының алты мүшесі алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорны цехтарының қызу тәжірибесінен өткен. Сол себепті Дәулетияровтар әулеті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы тек қана батыл қадамдарға жетелейтін тың нұсқаулық екенін жақсы біледі. Жалпы, «Зенит» зауыты өзінің еңбекшілер әулетімен танымал. Ұрпақ жалғастығы, өз тәжірибесін жастарға тапсыру – бұл құр сөз емес, күнделікті өмір сүру тәртібі десе де болады. Жақия Дәулетияров «Зенит» зауытына өзінің 41 жыл ғұмырын арнаған. Отағасы отбасын асырау үшін қосалқы бөлімше жұмысшысы, токарь, фрезерші және краншы қызметтерін атқарған. Осы қажымас қара күшінің арқасында азамат III дәрежелі Еңбек даңқы орденімен марапатталды. Ал оның жан жары Асфия Даулетиярова кәсіпорында 29 жыл жұмыс істеген. Қазір «Зенит» іргесінде олардың үш ұлы мен қызы ата-ана жолын жалғап, еңбек етуде. «Қазір зауытта біздің әулетімізден төрт адам жұмыс істеуде. Үлкен ағам Асхат механикалық-жинақтау цехінің бригадасын басқарады, әпкем Альфия жұмыс үйлестіруші болып қызмет атқаруда, інім Берік Санкт-Петерборда кеме құрастыру институтын бітіріп келген. Ол инженер-конструктор», - дейді «Зенит» зауытының құрылыс жөніндегі бас инженерінің орынбасары Серік Дәулетияров. Серік Дәулетияровтың зауытта жұмыс істеп жатқанына 8 жыл болды. Ол өзінің еңбегі үшін зауыттан 100 мың теңгеден астам жалақы алатынын да жасармады. «Зауыттағы көп басшылар қазіргі дәрежесіне қарапайым жұмысшы, құрастырушы, қосалқы бөлім жұмысшысы қызметінен көтерілген. Сондай-ақ кәсіпорнымызда жастарға да көп көңіл бөлінеді. Мен өз еңбегімнің нәтижесіне көңілім толады», - деп атап өтті С.Дәулетияров. Қазір «Зенит» зауытында 25 еңбекшілер әулетінің өкілдері жұмыс істеуде. Цех басшысынан қосалқы бөлім жұмысшысына дейін бәрі мұндағы еңбегіне дән риза. Және өз зауыттарында құрастырылған кемелерді теңізге жіберген сайын, олар тек: «Іске сәт!» деп шығарып сала береді.  Дәулетияровтар әулеті (фото)

ОРАЛ                                                                                                                 Жалпы еңбек өтілі 100 жыл

Дәулетияровтар әулетінің оралдық «Зенит» зауытында өткен жалпы жұмыс өтілі 100 жылдан асады. Қазір аталған кәсіпорында осынау отбасының төрт бірдей мүшесі еңбектеніп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Тату отбасының алты мүшесі алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорны цехтарының қызу тәжірибесінен өткен. Сол себепті Дәулетияровтар әулеті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы тек қана батыл қадамдарға жетелейтін тың нұсқаулық екенін жақсы біледі.

Жалпы, «Зенит» зауыты өзінің еңбекшілер әулетімен танымал. Ұрпақ жалғастығы, өз тәжірибесін жастарға тапсыру – бұл құр сөз емес, күнделікті өмір сүру тәртібі десе де болады. Жақия Дәулетияров «Зенит» зауытына өзінің 41 жыл ғұмырын арнаған. Отағасы отбасын асырау үшін қосалқы бөлімше жұмысшысы, токарь, фрезерші және краншы қызметтерін атқарған. Осы қажымас қара күшінің арқасында азамат III дәрежелі Еңбек даңқы орденімен марапатталды. Ал оның жан жары Асфия Даулетиярова кәсіпорында 29 жыл жұмыс істеген. Қазір «Зенит» іргесінде олардың үш ұлы мен қызы ата-ана жолын жалғап, еңбек етуде.

«Қазір зауытта біздің әулетімізден төрт адам жұмыс істеуде. Үлкен ағам Асхат механикалық-жинақтау цехінің бригадасын басқарады, әпкем Альфия жұмыс үйлестіруші болып қызмет атқаруда, інім Берік Санкт-Петерборда кеме құрастыру институтын бітіріп келген. Ол инженер-конструктор», - дейді «Зенит» зауытының құрылыс жөніндегі бас инженерінің орынбасары Серік Дәулетияров.

Серік Дәулетияровтың зауытта жұмыс істеп жатқанына 8 жыл болды. Ол өзінің еңбегі үшін зауыттан 100 мың теңгеден астам жалақы алатынын да жасармады.

«Зауыттағы көп басшылар қазіргі дәрежесіне қарапайым жұмысшы, құрастырушы, қосалқы бөлім жұмысшысы қызметінен көтерілген. Сондай-ақ кәсіпорнымызда жастарға да көп көңіл бөлінеді. Мен өз еңбегімнің нәтижесіне көңілім толады», - деп атап өтті С.Дәулетияров.

Қазір «Зенит» зауытында 25 еңбекшілер әулетінің өкілдері жұмыс істеуде. Цех басшысынан қосалқы бөлім жұмысшысына дейін бәрі мұндағы еңбегіне дән риза. Және өз зауыттарында құрастырылған кемелерді теңізге жіберген сайын, олар тек: «Іске сәт!» деп шығарып сала береді. 

Дәулетияровтар әулеті (фото)