Қандастар Ассамблея

Ұлыбританияның Лордтар палатасы бір жынысты некелерге рұқсат берді

05.06.2013 4231
Ұлыбританияның Лордтар палатасы Англия мен Уэльс аймақтарында бір жынысты некелерге рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады. «BBC» агенттігі хабарлағандай, бұл - ел үкіметінің бастамасы. Бас кезінде оған кедергі болатын өзгерістер болды. Алайда екікүндік пікірталастың нәтижесінде Лордтар палатасы ол өзгерістерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Оған палатаның 242 мүшесі дауыс берді. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның айтуынша, бір жынысты некелер елге өз пайдасын тигізеді. Бұған дейін бұл бастаманы қауымдастықтар палатасы мақұлдаған болатын. Енді, ел Парламенті құжаттың соңғы нұсқасын келесі жылдың жазына дейін даярлап қоюды қарастырып отыр. Айта кетейік, 18 мамыр күні Франция президенті Франсуа Олланд гей-некелерге қолдау білдіріп, тиісті заңға қол қойды. Ал 29 мамыр Манпелье қаласында бір жынысты неке ресми түрде тіркелді. ҚазАқпарат.

Ұлыбританияның Лордтар палатасы Англия мен Уэльс аймақтарында бір жынысты некелерге рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады.

«BBC» агенттігі хабарлағандай, бұл - ел үкіметінің бастамасы. Бас кезінде оған кедергі болатын өзгерістер болды. Алайда екікүндік пікірталастың нәтижесінде Лордтар палатасы ол өзгерістерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Оған палатаның 242 мүшесі дауыс берді. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның айтуынша, бір жынысты некелер елге өз пайдасын тигізеді. Бұған дейін бұл бастаманы қауымдастықтар палатасы мақұлдаған болатын. Енді, ел Парламенті құжаттың соңғы нұсқасын келесі жылдың жазына дейін даярлап қоюды қарастырып отыр.

Айта кетейік, 18 мамыр күні Франция президенті Франсуа Олланд гей-некелерге қолдау білдіріп, тиісті заңға қол қойды. Ал 29 мамыр Манпелье қаласында бір жынысты неке ресми түрде тіркелді.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар