Тәттімбет Қазанғапұлы

09.11.2012 15275
Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Тәттімбет Қазанғапұлы (1815, қазіргі Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд. – 1862, сонда) – күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Т-тің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Оның “Қосбасар” (бірнеше түрі), “Сары жайлау”, “Сары өзен”, “Теріс қақпай”, “Сылқылдақ”, “Былқылдақ”, “Бестөре”, “Азамат”, “Алшағыр”, “Азына”, “Көкей кесті”, “Боз торғай”, “Қорамжан”, “Боз айғыр”, “Ерке атан”, “Ноғай-қазақ”, “Кер киік”, “Қашқан қалмақ”, “Қара жорға”, “Балбырауын”, “Жетім қыз”, “Сал қоңыр”, “Көш жанаған”, “Сары қамыс”, “Шәйір қалды”, т.б. күйлері ел арасына кең тараған. Т. күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирик. композитор. Шығармалары филос. түйіндерімен астасып жатады, ал муз. тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Т. күйлеріндегі лирик. сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді. Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді. Т. күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты (елінде Былқылдақ атты сазды жайлау болған) шыққан. Күйдегі романтика – мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр. Т. шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрац. діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Т-тің күйшілік мектебін даралай түседі. Сөйтіп, ол домбыра үніне “жан бітіреді”, күйдің табиғатын, сырын ашады. Т. лирикасының тағы бір қырын ашатын “Сылқылдақ” күйі. Бүл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. “Сылқылдақ” күйінің муз. тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуені тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлықтың лебі еседі. Күй сарыны Т-ке тән композиц. ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады. Т-тің “Қосбасар” күйінің бірнеше түрі бар. Осы аттас күйлер Тоқа, Әбді, т.б. халық күйшілерінде де кең өріс алған. Әр “Қосбасардың” өз тарихы, айтары бар. Т. “Қосбасарлары” туған жер табиғатын, халық өмірін суреттейді. Т. тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитор “Бес төре” күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Бұл юморға толы туынды. Т. қоғамдық болмысқа сын көзімен қарап, өзінің шығарм. туындысы арқылы әлеум. бағытын аңғартады. 1855 ж. 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Т. өнерпаз ретінде Арқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургке барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы орыс астанасының өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медальды Егіндібұлақ ауд. “Қаратау” кеңшарының тұрғыны Т-тің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақтап қалған. Т. күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н.Шынтеміров, Ғ.Айтбаев, А.Әжібекұлы, С.Қарабаева, Т.Түсіпбеков, Ғ.Кәріпбеков, т.б. күйшінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, күй тарту мектебіне айналдырған. Кеңес дәуірінде Т. күйлерін Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов, сондай-ақ М.Тілеуханов, А.Байбосынов, Ж.Нұржауов, т.б. кәсіби күйшілер орындап, насихаттады. Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симф. және опералық туындыларында Т-тің көптеген күйлері пайдаланылды. Мыс., Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде “Сары жайлау” күйлері орындалады. М.Сағатов Т-тің “Сылқылдақ” күйін эстрада оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды. Күйшінің туған жерінде Егіндібұлақ халық аспаптар оркестрі, Қарағанды қ-ндағы муз. уч-ще Т-тің есімімен, ал Ақтоғай ауд-ндағы халық ансамблі композитордың есімімен аталады. 1984 ж. Егіндібұлақ а-нда композиторға ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков, арх. А.П. Малков) қойылды. Алматы мемл. консерваториясында (қазіргі Қа-зақ ұлттық консерваториясы) 1971 жылдан шертпе күй класы жұмыс істейді. Ол Т. күйлерін негізге ала отырып, Қазақстанның басқа да өңірінің шертпе күй дәстүрлерін жинақтап үйретеді. У. Бекенов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815, қазіргі Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд. – 1862, сонда) – күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Т-тің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Оның “Қосбасар” (бірнеше түрі), “Сары жайлау”, “Сары өзен”, “Теріс қақпай”, “Сылқылдақ”, “Былқылдақ”, “Бестөре”, “Азамат”, “Алшағыр”, “Азына”, “Көкей кесті”, “Боз торғай”, “Қорамжан”, “Боз айғыр”, “Ерке атан”, “Ноғай-қазақ”, “Кер киік”, “Қашқан қалмақ”, “Қара жорға”, “Балбырауын”, “Жетім қыз”, “Сал қоңыр”, “Көш жанаған”, “Сары қамыс”, “Шәйір қалды”, т.б. күйлері ел арасына кең тараған. Т. күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирик. композитор. Шығармалары филос. түйіндерімен астасып жатады, ал муз. тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Т. күйлеріндегі лирик. сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді. Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді. Т. күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты (елінде Былқылдақ атты сазды жайлау болған) шыққан. Күйдегі романтика – мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр. Т. шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрац. діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Т-тің күйшілік мектебін даралай түседі. Сөйтіп, ол домбыра үніне “жан бітіреді”, күйдің табиғатын, сырын ашады. Т. лирикасының тағы бір қырын ашатын “Сылқылдақ” күйі. Бүл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. “Сылқылдақ” күйінің муз. тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуені тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлықтың лебі еседі. Күй сарыны Т-ке тән композиц. ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады. Т-тің “Қосбасар” күйінің бірнеше түрі бар. Осы аттас күйлер Тоқа, Әбді, т.б. халық күйшілерінде де кең өріс алған. Әр “Қосбасардың” өз тарихы, айтары бар. Т. “Қосбасарлары” туған жер табиғатын, халық өмірін суреттейді. Т. тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитор “Бес төре” күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Бұл юморға толы туынды. Т. қоғамдық болмысқа сын көзімен қарап, өзінің шығарм. туындысы арқылы әлеум. бағытын аңғартады. 1855 ж. 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Т. өнерпаз ретінде Арқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургке барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы орыс астанасының өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медальды Егіндібұлақ ауд. “Қаратау” кеңшарының тұрғыны Т-тің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақтап қалған. Т. күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н.Шынтеміров, Ғ.Айтбаев, А.Әжібекұлы, С.Қарабаева, Т.Түсіпбеков, Ғ.Кәріпбеков, т.б. күйшінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, күй тарту мектебіне айналдырған. Кеңес дәуірінде Т. күйлерін Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов, сондай-ақ М.Тілеуханов, А.Байбосынов, Ж.Нұржауов, т.б. кәсіби күйшілер орындап, насихаттады. Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симф. және опералық туындыларында Т-тің көптеген күйлері пайдаланылды. Мыс., Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде “Сары жайлау” күйлері орындалады. М.Сағатов Т-тің “Сылқылдақ” күйін эстрада оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды. Күйшінің туған жерінде Егіндібұлақ халық аспаптар оркестрі, Қарағанды қ-ндағы муз. уч-ще Т-тің есімімен, ал Ақтоғай ауд-ндағы халық ансамблі композитордың есімімен аталады. 1984 ж. Егіндібұлақ а-нда композиторға ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков, арх. А.П. Малков) қойылды. Алматы мемл. консерваториясында (қазіргі Қа-зақ ұлттық консерваториясы) 1971 жылдан шертпе күй класы жұмыс істейді. Ол Т. күйлерін негізге ала отырып, Қазақстанның басқа да өңірінің шертпе күй дәстүрлерін жинақтап үйретеді.

У. Бекенов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том