Қандастар Ассамблея

Визеровтер әулеті

30.05.2013 2044
ПЕТРОПАВЛ                                                                                                        Жалпы еңбек өтілі 75 жыл Петропавлдағы Визеровтер әулеті 75 жылдан бері «Қызылжар су» ЖШС-ында еңбек етіп келеді. Әулеттің еңбек өтілінің бастамасы 1960 жылдарға тұспа-тұс келеді, дәл осы жылдан бастап Владимир Викторович Визеров осынау кәсіпорынға автопарк жүргізуші болып орналасқан екен. Су арнасының жұмысшысы, үздік қызметкерлердің бірі осы кәсібіне бар ғұмырын арнапты. Оның ұлы Сергей Визеров те әкеден қалған кәсіпті мирас етіп, мұнда 1983 жылы слесарь-су тартқыш қызметіне орналасып, кәсіпорынның бас инженері сынды басшылық қызметке дейін көтерілген. «Тұрғындарды бір тәуліктен аса сусыз қалдырудан асқан апат жоқ», - дейді Сергей Визеров және сол себепті осы апатқа жол бермес үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысып бағуда. Сергей Владимирович барлық техникалық ақауларды терең меңгерген, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлерімен де, әріптестерімен де тіл табыса біледі. «Мен 90-жылдарды есіме аламын, - деп ой бөлісті Сергей Визеров. – Ол жылдары ешқандай қаржыландыру жоқ, барлық коммуникацияның тозығы жеткен, әр күн сайын бір мезетте бірнеше жерде құбыр жарылып жататын. Қазір «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 2009 бен 2011 жылдар аралығында, ең бастысы, су және кәріз құбырлар желісін, коллекторларды және кәсіпорынның жүрегі – тазарту қондырғыларын жаңартуға қаржы бөлінді. Бүгінгі күні біздің қызметімізге қатысты шағымдар жоқ десе де болады. «Қызыл жар су» мен үшін туған тегімдей болып кеткен. Егер менің кәсіпорындағы еңбек өтілім 30 жылды құраса, бейресми еңбек өтілім 50 жылға жуықтайды. Мен туысымен мені және анамды әкемнің жұмысы – су арнасына алып келген екен, мен осы жерде өстім». Кәсіпорында әулет басшысының екінші ұлы Валерий Визеров те жұмыс істейді. Ол стансада бригадир. Тіпті, немерелері де атасы салған жолды жалғастырып әкеткен. Роман Визеров сорғы стансасында машинист, ал Сергейдің ұлы Вячеслав кәсіпорын басқармасы аппаратының жоспарлық-экономикалық бөлімін басқарады. Дәл осындай еңбекшілер әулеті ұлттық әлеуметтік саясатымыздың тұрақтылығы мен сындарлылығының кепілі. Бұл жаһандық түйткілдер жағдайында мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында өз ісінің осындай қас шеберлері жайында айтып өткен болатын. Еңбек адамы, өнертапқыштар, біздің республикамыздың әрбіз азаматы үшін бой түзейтін үлгі болуы тиіс. «Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», - делінген Елбасы мақаласында. Визеровтер әулеті (фото)

ПЕТРОПАВЛ                                                                                                        Жалпы еңбек өтілі 75 жыл

Петропавлдағы Визеровтер әулеті 75 жылдан бері «Қызылжар су» ЖШС-ында еңбек етіп келеді.

Әулеттің еңбек өтілінің бастамасы 1960 жылдарға тұспа-тұс келеді, дәл осы жылдан бастап Владимир Викторович Визеров осынау кәсіпорынға автопарк жүргізуші болып орналасқан екен. Су арнасының жұмысшысы, үздік қызметкерлердің бірі осы кәсібіне бар ғұмырын арнапты. Оның ұлы Сергей Визеров те әкеден қалған кәсіпті мирас етіп, мұнда 1983 жылы слесарь-су тартқыш қызметіне орналасып, кәсіпорынның бас инженері сынды басшылық қызметке дейін көтерілген.

«Тұрғындарды бір тәуліктен аса сусыз қалдырудан асқан апат жоқ», - дейді Сергей Визеров және сол себепті осы апатқа жол бермес үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысып бағуда.

Сергей Владимирович барлық техникалық ақауларды терең меңгерген, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлерімен де, әріптестерімен де тіл табыса біледі.

«Мен 90-жылдарды есіме аламын, - деп ой бөлісті Сергей Визеров. – Ол жылдары ешқандай қаржыландыру жоқ, барлық коммуникацияның тозығы жеткен, әр күн сайын бір мезетте бірнеше жерде құбыр жарылып жататын. Қазір «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 2009 бен 2011 жылдар аралығында, ең бастысы, су және кәріз құбырлар желісін, коллекторларды және кәсіпорынның жүрегі – тазарту қондырғыларын жаңартуға қаржы бөлінді. Бүгінгі күні біздің қызметімізге қатысты шағымдар жоқ десе де болады. «Қызыл жар су» мен үшін туған тегімдей болып кеткен. Егер менің кәсіпорындағы еңбек өтілім 30 жылды құраса, бейресми еңбек өтілім 50 жылға жуықтайды. Мен туысымен мені және анамды әкемнің жұмысы – су арнасына алып келген екен, мен осы жерде өстім».

Кәсіпорында әулет басшысының екінші ұлы Валерий Визеров те жұмыс істейді. Ол стансада бригадир. Тіпті, немерелері де атасы салған жолды жалғастырып әкеткен. Роман Визеров сорғы стансасында машинист, ал Сергейдің ұлы Вячеслав кәсіпорын басқармасы аппаратының жоспарлық-экономикалық бөлімін басқарады.

Дәл осындай еңбекшілер әулеті ұлттық әлеуметтік саясатымыздың тұрақтылығы мен сындарлылығының кепілі. Бұл жаһандық түйткілдер жағдайында мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында өз ісінің осындай қас шеберлері жайында айтып өткен болатын. Еңбек адамы, өнертапқыштар, біздің республикамыздың әрбіз азаматы үшін бой түзейтін үлгі болуы тиіс.

«Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», - делінген Елбасы мақаласында.

Визеровтер әулеті (фото)