Қандастар Ассамблея

Әдемі «Сиқырлы кигіз үй» цирк ғимараты

29.05.2013 3282
Сол күні бізді Республикалық Мәдениет министрі Ильяс Омарұлы Омаров қабылдады. Бәрі ертегідей болған еді. Қабылдау жылы, мейірімділікпен өткендіктен әлі күнге дейін есімде қалды. Цирк өнері жөнінде және ұлттық қазақ коллективін құру жөнінде сөз болып, бұл біздің Республикамыз үшін маңызды екеніне тоқталды. Міне осылай эстрадалық-цирк өнері студиясының есігі маған айқара ашылды. 1967 жылы бірінші оқу түлектері бітіріп шықты. Алғашқы оқу бітірушілер арасында көзбайлаушы (иллюзионист) Сұлтанғали Шүкүров және Сара Қабиғожина, эквилибрист Марат Құшмағамбетов, акробатшы Светлана Самущенко, сізге тағзым ететін малайыңыз және тағы басқалары. Әрине біз студияны тәмәмдағаннан кейін тәжрибесіз едік. Мұндай аздаған уақыттың ішінде цирк әртістерін дайындау онай емес болатын. Мәскеудегі цирк училищесінде оқуға бес жыл бөлінген. Сондықтан бізді кем дегенде үш жылдың ішінде дайындап шығу керек болды. Уақыт өте келе студияның спорттық залы бізге тарлық келтірді. Республикада өзіндік цирк ғимараты жоқ болды. Одақтық мемлекеттік цирк басшылары қазақстандық әртістерді Саратов циркінде дайындықтан өткізіп жалғастыруды ұсынды. Бұл бағдарламаның көркемдік жетекшісі болып Ленинградттық мәдениет институтының түлегі Қанат Саудабаев сайланды. Саратов біз үшін туған қаламыздай болып кетті. Бірінші бағдарламаның бірінші қоюшысы РСФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Г. Перкун және РСФСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Сратов циркінің директоры И. Дубинский болды. Біздің үкімет шешімімен бізге Жамбыл облысы Луговой шаруашылығынан сәйгүлік аттар әкелді. Аюларды Алматылық хайуанаттар паркі берді. Қазақтың ұлттық ойындары негізінде жүргізілетін ауқымды бағдарлама жасалынды. Онда бәрі де көрсетілетін болды. Аттың құлағында ойнайтындар, акробаттар, ұлттық ойындар «тенге алу», «көкпар тарту», «қыз қуу» болды. Бағдарлама ойдағыдай өтіп кейіннен бұл көріністер Бүкілодақтық цирк құрамымен бірге Азияда, Еуропада, Америкада көрсетіліп халықаралық дипломдармен марапатталды. Барлық әртістердің аренаға шығуы аяқтала сала бізді қошеметпен жаулап алды. Бұл күн баршамызға керемет күн еді. Жаңа қазақ ұлттық цирк әртістерінен құралған топ дүниеге келді. Бұл күн 1970 жылдың 24 шілдесі еді. Ал 12 тамызда Алматыда спорт сарайында бірінші қойылым болды. 1972 жылы біз өзіміздің әдемі «Сиқырлы кигіз үй» цирк ғимаратын алдық».

Сол күні бізді Республикалық Мәдениет министрі Ильяс Омарұлы Омаров қабылдады. Бәрі ертегідей болған еді. Қабылдау жылы, мейірімділікпен өткендіктен әлі күнге дейін есімде қалды. Цирк өнері жөнінде және ұлттық қазақ коллективін құру жөнінде сөз болып, бұл біздің Республикамыз үшін маңызды екеніне тоқталды. Міне осылай эстрадалық-цирк өнері студиясының есігі маған айқара ашылды.

1967 жылы бірінші оқу түлектері бітіріп шықты. Алғашқы оқу бітірушілер арасында көзбайлаушы (иллюзионист) Сұлтанғали Шүкүров және Сара Қабиғожина, эквилибрист Марат Құшмағамбетов, акробатшы Светлана Самущенко, сізге тағзым ететін малайыңыз және тағы басқалары. Әрине біз студияны тәмәмдағаннан кейін тәжрибесіз едік. Мұндай аздаған уақыттың ішінде цирк әртістерін дайындау онай емес болатын. Мәскеудегі цирк училищесінде оқуға бес жыл бөлінген. Сондықтан бізді кем дегенде үш жылдың ішінде дайындап шығу керек болды.

Уақыт өте келе студияның спорттық залы бізге тарлық келтірді. Республикада өзіндік цирк ғимараты жоқ болды. Одақтық мемлекеттік цирк басшылары қазақстандық әртістерді Саратов циркінде дайындықтан өткізіп жалғастыруды ұсынды. Бұл бағдарламаның көркемдік жетекшісі болып Ленинградттық мәдениет институтының түлегі Қанат Саудабаев сайланды. Саратов біз үшін туған қаламыздай болып кетті.

Бірінші бағдарламаның бірінші қоюшысы РСФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Г. Перкун және РСФСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Сратов циркінің директоры И. Дубинский болды.

Біздің үкімет шешімімен бізге Жамбыл облысы Луговой шаруашылығынан сәйгүлік аттар әкелді. Аюларды Алматылық хайуанаттар паркі берді.

Қазақтың ұлттық ойындары негізінде жүргізілетін ауқымды бағдарлама жасалынды. Онда бәрі де көрсетілетін болды. Аттың құлағында ойнайтындар, акробаттар, ұлттық ойындар «тенге алу», «көкпар тарту», «қыз қуу» болды. Бағдарлама ойдағыдай өтіп кейіннен бұл көріністер Бүкілодақтық цирк құрамымен бірге Азияда, Еуропада, Америкада көрсетіліп халықаралық дипломдармен марапатталды. Барлық әртістердің аренаға шығуы аяқтала сала бізді қошеметпен жаулап алды. Бұл күн баршамызға керемет күн еді. Жаңа қазақ ұлттық цирк әртістерінен құралған топ дүниеге келді. Бұл күн 1970 жылдың 24 шілдесі еді. Ал 12 тамызда Алматыда спорт сарайында бірінші қойылым болды.

1972 жылы біз өзіміздің әдемі «Сиқырлы кигіз үй» цирк ғимаратын алдық».

Ұқсас материалдар