Қандастар Ассамблея

Қазақ цирк өнерінің даму тарихы ғасырлар тереңінде жатыр

29.05.2013 3376
Қазақ цирк өнерінің даму тарихы ғасырлар тереңінде жатыр. Біздің аталарымыз қай ғасырда бүркітті аңшылыққа үйреткені жөнінде дәл айту қиынға соғады. Қазақтардың ат үстіндегі ойындары цирк қойылымдарындай көрініс берерлік. Аты аңызға айналған қазақтың әйгілі балуаны Қажы Мұқан (Мұқан Мұнайтпасов) революциялық төнкеріс алдындағы цирктық өнерді театрландырылған көрініске айналуына себепші болғандардың бірі еді. Шындығында ол ең алғашқы кәсіпқой қазақ цирк әртісі. Ол жөнінде сол кездерде аңыздар ел аузында айтылып жүрді: Берлинде жуан темірлерден шыбықтай иіріп галстук байлаған болатын, ал Парижде түйемен манежге шығып көтеріліп, оны арқасына арта салып шығып кеткен. Оның күштілігі адам сенгісіз еді. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында өздігінен пайда бола бастаған цирктық ұйымдар құрыла бастады. Солардың ішінде Шымкенттік, Ақмолалық халықтық цирктері болды. Бірақ олардың бәрі кәсіпқой емес еді. 1965 жылдың күзінде кәсіпқой цирк ұйымын құру жөнінде шешім қабылданды. Бұл жөнінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қалдық Хамитұлы Бегенов былай деп өз ойын білдірген еді: «Ол жылдары мен акробатикадан спорт шебері және Қазақстандық Мемлекеттік денешынықтыру институтының екінші курсында оқып жүрген едім. Пән сабағы басталар алдында мені ректорға шақырды. Кірсем кабинетте отырғандар жәй адамдар емес. Кейіннен білсем олардың арасында еңбек сіңірген өнер қайраткері, республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясының жетекшісі Георгий Васильевич Перкун (ол кезде ол белгілі аты шыққан цирк көріністеріндегі қоюшы-режиссерлердің бірі еді) белгілі цирк акробатикасының маманы Владимир Алексеевич Ревякин, сонымен қатар атпен жүргізілетін көріністер мамандары Георгий Токаев және Алексей Соколовтар еді. Маған анықтап қарап алғаннан кейін эстрадалық-цирк студиясында оқуымды жалғастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс мен үшін төбеме жай түскендей болды. Спортты қалдырғым келмеді. Ал бұл жерде цирк. Көп ойланып мен ұсынысты қабылдамадым. Үш күннен кейін біздің жатақханамызға «Волга» келіп тоқтады. Шақырып алып мені «Алма-Аты» қонақ үйіне жеткізіп салды. Мұндай жерде мен ешқашан болған емеспін. Георгий Васильевич Перкун мені тосып алып, ресторанға түскі ас ішуге шақырды. Астын барлық түрінен дәм татқаннан кейін маған қарап жымиып, «Сізді ертен Красина 78-де күтеміз деді». Келесі күні мен эстрадалық цирк өнерінің студиясына келдім. Гүльжихан Ғалиқызы Ғалиева мені туған ұлындай қарсы алды.

Қазақ цирк өнерінің даму тарихы ғасырлар тереңінде жатыр. Біздің аталарымыз қай ғасырда бүркітті аңшылыққа үйреткені жөнінде дәл айту қиынға соғады. Қазақтардың ат үстіндегі ойындары цирк қойылымдарындай көрініс берерлік. Аты аңызға айналған қазақтың әйгілі балуаны Қажы Мұқан (Мұқан Мұнайтпасов) революциялық төнкеріс алдындағы цирктық өнерді театрландырылған көрініске айналуына себепші болғандардың бірі еді.

Шындығында ол ең алғашқы кәсіпқой қазақ цирк әртісі. Ол жөнінде сол кездерде аңыздар ел аузында айтылып жүрді: Берлинде жуан темірлерден шыбықтай иіріп галстук байлаған болатын, ал Парижде түйемен манежге шығып көтеріліп, оны арқасына арта салып шығып кеткен. Оның күштілігі адам сенгісіз еді.

Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында өздігінен пайда бола бастаған цирктық ұйымдар құрыла бастады. Солардың ішінде Шымкенттік, Ақмолалық халықтық цирктері болды. Бірақ олардың бәрі кәсіпқой емес еді. 1965 жылдың күзінде кәсіпқой цирк ұйымын құру жөнінде шешім қабылданды.

Бұл жөнінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қалдық Хамитұлы Бегенов былай деп өз ойын білдірген еді: «Ол жылдары мен акробатикадан спорт шебері және Қазақстандық Мемлекеттік денешынықтыру институтының екінші курсында оқып жүрген едім. Пән сабағы басталар алдында мені ректорға шақырды. Кірсем кабинетте отырғандар жәй адамдар емес. Кейіннен білсем олардың арасында еңбек сіңірген өнер қайраткері, республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясының жетекшісі Георгий Васильевич Перкун (ол кезде ол белгілі аты шыққан цирк көріністеріндегі қоюшы-режиссерлердің бірі еді) белгілі цирк акробатикасының маманы Владимир Алексеевич Ревякин, сонымен қатар атпен жүргізілетін көріністер мамандары Георгий Токаев және Алексей Соколовтар еді. Маған анықтап қарап алғаннан кейін эстрадалық-цирк студиясында оқуымды жалғастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс мен үшін төбеме жай түскендей болды. Спортты қалдырғым келмеді. Ал бұл жерде цирк. Көп ойланып мен ұсынысты қабылдамадым. Үш күннен кейін біздің жатақханамызға «Волга» келіп тоқтады. Шақырып алып мені «Алма-Аты» қонақ үйіне жеткізіп салды. Мұндай жерде мен ешқашан болған емеспін. Георгий Васильевич Перкун мені тосып алып, ресторанға түскі ас ішуге шақырды. Астын барлық түрінен дәм татқаннан кейін маған қарап жымиып, «Сізді ертен Красина 78-де күтеміз деді». Келесі күні мен эстрадалық цирк өнерінің студиясына келдім. Гүльжихан Ғалиқызы Ғалиева мені туған ұлындай қарсы алды.

Ұқсас материалдар