Қандастар Ассамблея

Күйшілік өнер күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды

29.05.2013 2875
Ноғайлы кезеніңде туған музыкалық және фольклорлық мұралардың санатына «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір асқақ», «Қамбар күйі» сияқты халық күйлерімен бірге, Кетбұғаның «Ақсақ құлан», Асанқайғының «Ел айырылған», Қазтуғанның «Сағыныш» күйлерін және олардың аңыздарын жатқызуға болады. Төртінші, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі (XVII-XVIII ғғ) күйлер мен күй аңыздары. Осы екі ғасырда созылған алаапыран халықтың сан-сала рухани мұрасында шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды. Аңыз-әңгіме, жыр-дастан, толғау-термелерден бастап, ән-күйге дейін халықтың азатшыл рухы аста-төк көрініс тауып отырды. Осы кезең өзінің рухына лайық Бұқар, Тәтіқара, Қанай, Толыбай, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты шешен-билерді, жыршы- жырауларды дүниеге әкеліп, олар қара халықтың күйзелісі мен қаһарман ерлігін өлмес өнер тілінде бейнелеп отырды. Мұның айғағы ретінде «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Қалмақтың қара жорғасы», «Кеңес», «Абылайдың қара жорғасы», «Қоржынқақпай» сияқты күйлер мен олардың аңыз-әңгемелерін атауға болады. Бұл кезеңнің күй аңыздары ширыққан оқиғасымен, тосын шешімдерімен назар аударады. Бір қуаныш, бір қайғы итжығыс түскен заманның мың сан көрінісі өнер тілінде де алуан өрнекпен алдыңнан шығып отырады. Әсіресе, күй аңыздарының белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастығы, нақтылы тұлғалар өміріне арнаулы деректілігімен иландырып отырса, соған үндес музыкалық тілі бейнелегіш қасиетімен баурайды. Бесінші, XVIII-XIX ғасырларда және XX ғасыр басында туған күйлер мен олардың аңыздары. Бұл кезеңнің рухани мұраларына саяси-әлеуметтік сарынның мейлінше айқын көрінісі тауып отыратынын алдымен айту қажет. Бұл кезеңде туған күйлер де, күй аңыздары да ерекше молдылығымен, тақырыбының әралуандығымен , оқиғасының деректілігімен назар аударады. Әсіресе күйлердің әуен-сазының мейлінше шыңдалған кәнігі (профессиональный) деңгейін айрықша атап өткен жөн.  Бұл кезеңге Боғда, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Сейтек сияқты ондаған дәулескер күйшілер қазақ музыкасының ұлттық тілін біржолата орнықтырып, жалпы адамзаттық мәні бар рухани феномен деңгейінде танылды. Жоғарыдағы бес кезеңнен өткен  күйшілік өнер күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі. Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілі тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар, Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» кітабындағы Тәттімбет жайлы зерттеуде шертпе күй деген сөз кездеспейді, мұндай атау Уали Бекеновтың кітаптарынан кейін енген (Шертпе күй шеберлері).

Ноғайлы кезеніңде туған музыкалық және фольклорлық мұралардың санатына «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір асқақ», «Қамбар күйі» сияқты халық күйлерімен бірге, Кетбұғаның «Ақсақ құлан», Асанқайғының «Ел айырылған», Қазтуғанның «Сағыныш» күйлерін және олардың аңыздарын жатқызуға болады.

Төртінші, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі (XVII-XVIII ғғ) күйлер мен күй аңыздары. Осы екі ғасырда созылған алаапыран халықтың сан-сала рухани мұрасында шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды. Аңыз-әңгіме, жыр-дастан, толғау-термелерден бастап, ән-күйге дейін халықтың азатшыл рухы аста-төк көрініс тауып отырды. Осы кезең өзінің рухына лайық Бұқар, Тәтіқара, Қанай, Толыбай, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты шешен-билерді, жыршы- жырауларды дүниеге әкеліп, олар қара халықтың күйзелісі мен қаһарман ерлігін өлмес өнер тілінде бейнелеп отырды. Мұның айғағы ретінде «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Қалмақтың қара жорғасы», «Кеңес», «Абылайдың қара жорғасы», «Қоржынқақпай» сияқты күйлер мен олардың аңыз-әңгемелерін атауға болады.

Бұл кезеңнің күй аңыздары ширыққан оқиғасымен, тосын шешімдерімен назар аударады. Бір қуаныш, бір қайғы итжығыс түскен заманның мың сан көрінісі өнер тілінде де алуан өрнекпен алдыңнан шығып отырады. Әсіресе, күй аңыздарының белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастығы, нақтылы тұлғалар өміріне арнаулы деректілігімен иландырып отырса, соған үндес музыкалық тілі бейнелегіш қасиетімен баурайды.

Бесінші, XVIII-XIX ғасырларда және XX ғасыр басында туған күйлер мен олардың аңыздары. Бұл кезеңнің рухани мұраларына саяси-әлеуметтік сарынның мейлінше айқын көрінісі тауып отыратынын алдымен айту қажет. Бұл кезеңде туған күйлер де, күй аңыздары да ерекше молдылығымен, тақырыбының әралуандығымен , оқиғасының деректілігімен назар аударады. Әсіресе күйлердің әуен-сазының мейлінше шыңдалған кәнігі (профессиональный) деңгейін айрықша атап өткен жөн.  Бұл кезеңге Боғда, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Сейтек сияқты ондаған дәулескер күйшілер қазақ музыкасының ұлттық тілін біржолата орнықтырып, жалпы адамзаттық мәні бар рухани феномен деңгейінде танылды.

Жоғарыдағы бес кезеңнен өткен  күйшілік өнер күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі. Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілі тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар, Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» кітабындағы Тәттімбет жайлы зерттеуде шертпе күй деген сөз кездеспейді, мұндай атау Уали Бекеновтың кітаптарынан кейін енген (Шертпе күй шеберлері).

Ұқсас материалдар