Қандастар Ассамблея

Әлихан Бөкейханов-4

29.05.2013 2924
  Газетаны күйлеп, жаратып бәйгеге қосуға өз алдына шебер, білгіш, жүйрік керек: газетаға басшы болу - кім болса соның қолынан келмейді. Газет-журнал туралы Керекті жақсы сөздер тозбайды. Асыл сөз туралы Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел жоқ. Халық, ел туралы Анық түрік затты халық тілі - біздің қазақ тілі. Халық, ел туралы Ғұмыр бәйгесіңде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар! Тіл туралы Хублай хан оқымысты, ғылымда жүйрік еді. Пекинде осы күнде Хублай хан жиған жұлдыз көретін аспаптар бар. Хублай хан моңғолға әліппе шығарыпты. Бек, хан туралы Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде -бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді... Қоғам, мемлекет, заман туралы Саясат ісі мәдениет соқпағына анық түскен жұрттың саяси партиясы аз болады. Саясат туралы  «Құрықсыз сөз» дейтін бір сөз болады. Асыл сөз туралы Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?! Қоғам, мемлекет, заман туралы  «Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» деген мәтел бар. Жақсы мен жаман туралы Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік! Қоғам, мемлекет, заман туралы Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі - негізгі өмір мәселесіңің ең зоры. Отан, туған жер туралы Мансапқұмар ел - кемелдікке жетпеген ел. Мансапқұмар, мақтаншақтық туралы Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде - жұртта қалып жүрме! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса - тарих жолында тезек теріп қалады. Халық, ел туралы Бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?! Махаббат туралы Тірі болсақ - алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар! Қоғам, мемлекет, заман туралы Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк. Қоғам, мемлекет, заман туралы Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!  Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қазақтың жылқысындай көнбіс жылқы жер бетінде жоқ, казақтың қозысының етіндей тәтті ет те жер бетінде жоқ. Төрт-түлік мал туралы Адам баласы - нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Газетаны күйлеп, жаратып бәйгеге қосуға өз алдына шебер, білгіш, жүйрік керек: газетаға басшы болу - кім болса соның қолынан келмейді.

Газет-журнал туралы

Керекті жақсы сөздер тозбайды.

Асыл сөз туралы

Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел жоқ.

Халық, ел туралы

Анық түрік затты халық тілі - біздің қазақ тілі.

Халық, ел туралы

Ғұмыр бәйгесіңде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!

Тіл туралы

Хублай хан оқымысты, ғылымда жүйрік еді. Пекинде осы күнде Хублай хан жиған жұлдыз көретін аспаптар бар. Хублай хан моңғолға әліппе шығарыпты.

Бек, хан туралы

Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде -бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді...

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Саясат ісі мәдениет соқпағына анық түскен жұрттың саяси партиясы аз болады.

Саясат туралы

 «Құрықсыз сөз» дейтін бір сөз болады.

Асыл сөз туралы

Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 «Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» деген мәтел бар.

Жақсы мен жаман туралы

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі - негізгі өмір мәселесіңің ең зоры.

Отан, туған жер туралы

Мансапқұмар ел - кемелдікке жетпеген ел.

Мансапқұмар, мақтаншақтық туралы

Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде - жұртта қалып жүрме!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса - тарих жолында тезек теріп қалады.

Халық, ел туралы

Бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!

Махаббат туралы

Тірі болсақ - алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар!

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті! 

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қазақтың жылқысындай көнбіс жылқы жер бетінде жоқ, казақтың қозысының етіндей тәтті ет те жер бетінде жоқ.

Төрт-түлік мал туралы

Адам баласы - нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Ұқсас материалдар