Қандастар Ассамблея

Әлихан Бөкейханов-3

29.05.2013 2885
Зауыт ісі жұрттың жалпы шебер, көнбіс, ұста болуына байлаулы. Ұста, шеберлік туралы Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр. Қоғам, мемлекет, заман туралы Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің. Қоғам, мемлекет, заман туралы Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі. Төрт-түлік мал туралы Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған. Адам өмірі туралы Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік. Шарасыздық, дәрменсіздік туралы Біздің халықтың үйшісі, ұстасы қалыпты. Халық, ел туралы Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Адам қызметі кіріспей қазына тумайды. Адам өмірі туралы Біздің қазақ сиыры осы қазақ жерін жайлағанға ғылым жолында сегіз мың жыл болған. Төрт-түлік мал туралы Профессор Кулешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ. Төрт-түлік мал туралы Мал тұяғы - қазына. Төрт -түлік мал туралы Мұжық егінші болғанда, қазақ жақсы малшы болса - бірінен-бірі керектерін алып тұратын жақсы көрші болады. Төрт-түлік мал туралы Бір өнер қылған екі кісіге тар жер - екі өнер қылған екі кісіге кең болады. Ғылым-білім, өнер  туралы Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы. Байлық-кедейлік туралы Би - түзу, билік - әділ болсын! Әділдік туралы Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт. Әділдік туралы Қазаққа әкеп мұжық қамытын кигізе салса - бұл бір түске кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безу керек. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді. Ғылым-білім, өнер  туралы Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса - сөз кестелі болады. Асыл сөз туралы Еуропада газета - өмір айнасы: өмірде не болса - бәрі газетадан көрініп тұрады. Газетаны оқып жұрт өзін-өзі көреді, өзін-өзі танып-біледі. Газет-журнал туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Зауыт ісі жұрттың жалпы шебер, көнбіс, ұста болуына байлаулы.

Ұста, шеберлік туралы

Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі.

Төрт-түлік мал туралы

Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

Адам өмірі туралы

Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік.

Шарасыздық, дәрменсіздік туралы

Біздің халықтың үйшісі, ұстасы қалыпты.

Халық, ел туралы

Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Адам қызметі кіріспей қазына тумайды.

Адам өмірі туралы

Біздің қазақ сиыры осы қазақ жерін жайлағанға ғылым жолында сегіз мың жыл болған.

Төрт-түлік мал туралы

Профессор Кулешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ.

Төрт-түлік мал туралы

Мал тұяғы - қазына.

Төрт -түлік мал туралы

Мұжық егінші болғанда, қазақ жақсы малшы болса - бірінен-бірі керектерін алып тұратын жақсы көрші болады.

Төрт-түлік мал туралы

Бір өнер қылған екі кісіге тар жер - екі өнер қылған екі кісіге кең болады.

Ғылым-білім, өнер  туралы

Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.

Байлық-кедейлік туралы

Би - түзу, билік - әділ болсын!

Әділдік туралы

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

Әділдік туралы

Қазаққа әкеп мұжық қамытын кигізе салса - бұл бір түске кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безу керек.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.

Ғылым-білім, өнер  туралы

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса - сөз кестелі болады.

Асыл сөз туралы

Еуропада газета - өмір айнасы: өмірде не болса - бәрі газетадан көрініп тұрады. Газетаны оқып жұрт өзін-өзі көреді, өзін-өзі танып-біледі.

Газет-журнал туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Ұқсас материалдар