Қандастар Ассамблея

Әлихан Бөкейханов-2

29.05.2013 3414
Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман. Қоғам, мемлекет, заман туралы Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі. Қоғам, мемлекет, заман туралы Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек. Ақыл-ой туралы Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс. Қоғам, мемлекет, заман туралы Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса - ғұмыр бәйгесі соныкі. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы  «Заманың түлкі болса - тазы боп шал» деген де - балапан болмай, әдіс қыл деген ғой. Қоғам, мемлекет, заман туралы Бөтен кісі қазаққа еш қайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Кедей - тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас - атымды шығарамын деп, надан ақсақал - кек аламын деп ұрлық жасайды. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Біреуге телмірген адамнан яки халықтан - қосақ түрткен жетім лақ бақытты. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы  «Күн шыққанша қарау көзді соқыр қылады» деген орыстың өзгеге телмірген жұртқа шығарған мәтелі бар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Заң - адам пайдасына жазылады, адам - заң үшін тумайды ғой. Заң туралы Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр. Қоғам, мемлекет, заман туралы Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң - саған ақыл не керек?! Ақыл-ой туралы Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы. Қоғам, мемлекет, заман туралы Бұл жұрт жұмысын жұрт болып іздемес пе еді?! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Адам жылап отырса - оның орнына келген заң қарпі не опа бере алады?! Заң туралы Шыңғыс хан дүниені алды - артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да - артында Самарқанд, мешіт, медіреседей белгі қалды. Шыңғыс - көшпелі, Ақсақ Темір - отырықшы. Қоғам, мемлекет, заман туралы Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр. Қоғам, мемлекет, заман туралы Қазақ жері - мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан. Төрт-түлік мал туралы Атқыштың асығы түгел. Мергендік туралы Ғұмыр ісі заң хатына қашан сыйған?! Заң туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық

байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.

Ақыл-ой туралы

Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса - ғұмыр бәйгесі

соныкі.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 «Заманың түлкі болса - тазы боп шал» деген де - балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бөтен кісі қазаққа еш қайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Кедей - тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас - атымды шығарамын деп, надан ақсақал - кек аламын деп ұрлық жасайды.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Біреуге телмірген адамнан яки халықтан - қосақ түрткен жетім лақ бақытты.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 «Күн шыққанша қарау көзді соқыр қылады» деген орыстың өзгеге телмірген жұртқа шығарған мәтелі бар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Заң - адам пайдасына жазылады, адам - заң үшін тумайды ғой.

Заң туралы

Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң - саған ақыл не керек?!

Ақыл-ой туралы

Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бұл жұрт жұмысын жұрт болып іздемес пе еді?!

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Адам жылап отырса - оның орнына келген заң қарпі не опа бере алады?!

Заң туралы

Шыңғыс хан дүниені алды - артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да - артында Самарқанд, мешіт, медіреседей белгі қалды. Шыңғыс - көшпелі, Ақсақ Темір - отырықшы.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Қазақ жері - мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан.

Төрт-түлік мал туралы

Атқыштың асығы түгел.

Мергендік туралы

Ғұмыр ісі заң хатына қашан сыйған?!

Заң туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Ұқсас материалдар