Қандастар Ассамблея

Әлихан Бөкейханов

29.05.2013 4980
Бөкейханов Әлихан (1866-1937) - саяси һәм мемлекет қайраткері, заңгер, публицист. Санкт-Петербург университетін бітірген. Патшалық Ресей Думасының мүшесі. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен, тоталитаризм репрессиясының құрбаны. XIX ғасырдың басында «Алаш» партиясын құрып, «Алашорда» үкіметін жариялаушылардың бірі. «Алашорда» үкіметінің премьер-министрі.   Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Айыр сөзде айып жоқ. Асыл сөз туралы Жұрт әділ болмай - жұрт ісі оңға баспайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Жұрт ісін түс көрмей, жяу жүріп іздеу - мақсат. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын. Асыл сөз туралы Болғаннан - қашпа, болмағанға - саспа. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса - жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы Білімнен мақсат шықпайды. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Болыс болу да қасиет болып па?! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. Адам өмірі туралы Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ. Қоғам, мемлекет, заман туралы Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөкейханов Әлихан (1866-1937) - саяси һәм мемлекет қайраткері, заңгер, публицист. Санкт-Петербург университетін бітірген. Патшалық Ресей Думасының мүшесі. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен, тоталитаризм репрессиясының құрбаны. XIX ғасырдың басында «Алаш» партиясын құрып, «Алашорда» үкіметін жариялаушылардың бірі. «Алашорда» үкіметінің премьер-министрі.

 

Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Айыр сөзде айып жоқ.

Асыл сөз туралы

Жұрт әділ болмай - жұрт ісі оңға баспайды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Жұрт ісін түс көрмей, жяу жүріп іздеу - мақсат.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

Асыл сөз туралы

Болғаннан - қашпа, болмағанға - саспа.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы

Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса - жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы

Білім - біліммен, мінез - мінезбен.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы

Білімнен мақсат шықпайды.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы

Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы

Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз,

егін салусыз, пішен шабусыз қалады.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Болыс болу да қасиет болып па?!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

Адам өмірі туралы

Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Ұқсас материалдар